Бұл жолы Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін бәсекеде Швейцария өкілі Аурелиен Бонферрониді иппон әдісімен жеңді. Осылайша, бұған дейін әлемдік рейтингіде 13-орында тұрған Абылайхан қоламен қоса 500 ұпайға қол жеткізді.
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі екі күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы еншісінде 1 алтын, 3 қола жүлде бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бақытжан Абдурахмановтың Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу