Санкция – мемлекеттен қолдау алудың кепілі

3284

"АрселорМиттал Теміртау" Иранға қарсы сауда шектеулерін қолдау туралы не айтты?

Санкция – мемлекеттен қолдау алудың кепілі

2018 жылдың 17 шілдесі күні бас директордың кеңесшісі Алексей Агуреев Reuters агенттігіне АҚШ Иранға қарсы қайта санкция енгізгеннен кейін "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясы ыстық илемделген темір орамдарын экспорттауды тоқтатқанын айтты.

"АМТ"-ның айтқанына, шынымен де, санкция әсер етті ме әлде мұның артында не тұрғаны білу үшін соңғы екі жарым жылда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының темір прокатын жеткізуге қатысты көрсеткіштеріне назар аударып көрейік.

Еске салар болсақ, 2016 жыл – бұл Ислам Республикасынан санкция алғаш алынған жыл болды.

Көріп отырғанымыздай, екі жыл ішінде Иран бағытына жеткізу 11 есе түскен. Ал бұл кезде АҚШ Иранға санкция салмаған еді.

2018 жылдың жарты жылында "АМТ" Иранға небәрі 56 мың тонна ыстық илемделген прокат жеткізген. Айына 9 мың тоннадан шамалы ғана көп, яғни кәсіпорын ай сайынғы 310-320 мың тоннадан тек 3% ғана жеткізген.

Ал енді "АрселорМиттал Теміртау" Reuters арқылы бүкіл әлемге АҚШ Иранға қарсы қайта санкция енгізгеннен кейін "АрселорМиттал Теміртау" ыстық илемделген темір орамдарын экспорттауды тоқтатты деп жария етуінің сыры неде?

Бұл сұраққа жауап беру үшін өткенге шолу жасап көрейік.

"Өзіңнен сұрағанға бер және сенен алғысы келетіннің қолын қайтарма"

2016 жылдың 27 маусымында Теміртауда өткен еліміздің тау-кен- металлургия саласын дамытудың келешегі туралы жиналыста Машкевич ("Еуразиялық топ"), Огай ("Қазақмыс"), Мамедов (KazMinerals) және Хмелев ("Қазмырыш") бәрі сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімовке кәсіпорындарындағы өндіру 1-2% ғана болса да, жаман емес екенін айтып бірауыздан сендірген еді. Сондай-ақ олар орташамерзімді келешекте өздерінің өніміне арналған әлемдік баға аяқ-асты өзгермейтінін айтқан болатын.

"Иә, оңай емес. Бірақ өмір сүруге және жұмыс істеуге болады".

"Иә, ТКМ-ның жұмысын ретке келтіретін жекелеген мәселелерді шешіп алған да дұрыс болар еді".

"Оңай емес. Бірақ жұмыскерлерді қысқартпаймыз".

Қазақстандық тау-кен-металлургия саласы басшыларының сенімді сөздерінен кейін, AcelorMittal вице-президенті Марк Веркенің қазір әлемдік қара металлургия көшбасшысының жағдайы қиын деп айтқаны көңілді күпті етті. Сөз сөйлегенде "АМТ"-ның осы жерде және тап қазір алғысы келетін жеңілдіктерінің тізімі слайдпен көрсетілді.

Осы арада, 2012 жылдан бастап 2015 жыл аралығында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Қазақстан үкіметінен алған жеңілдіктері мен инвестициялық артықшылығы 11,4 млрд теңге болғанын еске салып кеткен жөн болар. Оның ішінде корпоративтік табыс салығы 20% (10,6 млрд теңге), мүлік салығы – 1,5% (0,7 млрд теңге), жер салығы – бір шаршы метрге 14,48 теңге (0,1 млрд теңге).

2014-2015 жылдарды Қазақстан үкіметі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бірқатар мәселелерін шешкен болатын. Атап айтар болсақ, жерді пайдалану мерзімі 99 жылға дейін қалды, металл сынықтарын экспорттауға тыйым салынды, "Көмір ӘАҚҚ" авариялық-құтқару қызметінің қызмет көрсету бағасы төмендеді, "АМТ" жұмыскерлеріне сақтандыру төлемдері жасалған, заңнамаға кәсіпорынның техногендік минералды түзілімдерін өңдеуге мүмкіндік беретін өзгертулер енгізілді, сот шешімі бойынша экологиялық айыппұлдарды төлеу кейінге қалдырылды, "ҚДБ" АҚ желісі бойынша 1 млрд теңге көлемінде экспорттық несие берілген.

Сонымен қатар Қазақстан үкіметі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына магистарльдық темір жол желісі қызметіне арналған тарифтеріне 0,45 мөлшерінде уақытша төмендететін коэффицент ұсынды. Осының нәтижесінде "АМТ" Иран бағыты бойынша 2014 жылы -2,2 млрд теңгені, 2015 жылы – 1,6 млрд теңге үнемдеген.

Бұған қоса 2014 жылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ операция жасау мөлшерлемесін төмендету есебінен "АМТ"-ның Ресей мен Украинаға жүк тасымалдау құнын орташа есеппен 11%-ға төмендеткен. Ал Иранға жүк тасымалдауды 5%-ға, елдің ішінде тасымалды 4%-ға төмендеткен.

Сол кездегі вице-министр Альберт Раудың айтуынша, 2014-2015 жылдары "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына көрсетілген мемлекеттік қолдау көлемі жоқ дегенде 50 млн доллар болған.

"Көрінбейтін" инвестициялар
13 шілдеде Facebook әлеуметтік желісіндегі "АрселорМиттал Кривой Рог" парақшасында "АрселорМиттал Кривой Рог" ЖАҚ бас директоры Парамжит Калонның металлургтер күніне арналған құттықтауы жарияланды.

"АМКР" қызметкерлеріне арналған құттықтауда кәсіпорын басшысы: "Бұрынғыша басым инвестициялық жобаларды іске асырамыз. Осы мақсат үшін компания 2022 жылға дейін екі миллиард доллардан астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Биыл Еуропадағы ең заманауи №5 және №6 кокс батарейлерінің кешенін іске қостық, дайындауды үздіксіз құю екі машинасының құрылысын жалғастырып жатырмыз, конвертерлік цех пен ұсақ сұрыпты орнақты жаңғырытып жатырмыз", - деген.

Украиналық бөлімшеге салынып жатқан бұл инвестициялар көрер көзге көрініп-ақ тұр.

14 шілде күні "АрселорМиттал Теміртау" YouTube –арнасында "АМТ" бас директоры Парамжит Калонның теміртаулық металлургтерге арналған видео-құттықтауы жарияланды. Құттықтауда 2020 жылға дейін кәсіпорынның дамуына миллиард доллар салу жоспарланып отырғаны айтылған.

Компания Теміртаудағы металлургиялық комбинатқа биылғы жылдың екінші жартыжылдығында 200 млн доллар, 2019 жылы 800 млн доллар қаражат салуды жоспарлап отырғаны түсінікті. Алайда бас директор Кривой Рогтағы сияқты инвестициялық жоба жайлы тіс жармады.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясында қазір ешқандай жаңа құрылыс салынып жатпағанын және ескі өндірістің жаңғыртылып жатпағанын ескеретін болсақ, жарты жылда миллиард доллар инвестиция жасау туралы айтқандар ақылға қонбайды. Өйткені мұндай инвестицияны өндірістік кәсіпорын 18 айда игеруі мүмкін емес.

Сондай-ақ Парамжит Калонның осыдан бір жыл бұрын Бақытжан Сағынтаев комбинатқа келгенде айтқан тағы бір мәлімдемесін еске салып өтейік.

"Осыған дейін ( премьер-министр домна пеші мен 2-ЖЭО-ны көргенде . – Авт.) үш триллион теңге жұмсаймыз деген едім. Бірақ кейін қайта тексеріп, 2020 жылға қарай төрт триллион теңге жұмсауды жоспарлап отырғанымызды айтты. Бұл үлкен қаражат. Бұл комбинат экономикалық тұрғыдан өте мықты орын болатынын көресіздер", - деген еді.

Шын мәнісінде, "АрселорМттал Теміртау" комбинатының бас директоры "комбинат Қазақстанның экономикалық локомотиві болады" дегісі келген болатын.

Бірақ басты мәселе – локомотивте емес.

Ең бастысы – бұл үш жыл бұрын айтылған сома.

Ұлттық банк бағамы бойынша 2017 жылдың 28 шілдесінде (бір доллар 325,58 теңге) төрт триллион теңге 12,286 млрд долларға тең болды.

Яғни 2017, 2018 және 2019 жылдарға 4 млрд доллар қаражаттан келеді.

Бір таңқаларлығы, не премьер-министр, не экономика министрі Тимур Сүлейменов не болмаса оның инвестициялық әріптесі Жеңіс Қасымбек Парамжит Калонның айтқан қаражатына мән бермеді.

"АрселорМиттал Теміртау" баспасөз-қызметі де әлі күнге дейін Парамжит Калонның аузынан шыққан инвестиция туралы ештеңе айтпай отыр. Ал бірақ төрт миллиард доллар инвестиция не былтыр, не биыл көрген жоқпыз.

Айта кетерлігі, сол кезде, яғни бір жыл бұрын "АМТ" бас директоры премьер-министрге: "Қазір біз металлды Оңтүстік-Шығыс Азияға және Иранға сатпаймыз, оны тек Ресейге және өзіміздің Қазақстанға сатамыз", - деген болатын.

Қорытындылайық

Шындығына келер болсақ, Исоам Республикасына жеткізуді тоқтату санкцияға қатысты болып отырған жоқ, тек бұл бақай есеп қана. Яғни былтырғы жылдан бастап "АМТ" иран нарығынан гөрі ресей нарығынан көп пайда көре бастады.

Сонда "АрселорМиттал Теміртау" мұндай үлкен инвестициялар туралы айтатын болса, санкция қойғаннан кейін Иранға жеткізуді тоқтату мәжбүр болғандарын, яғни нарықтың пайдадан қағылып жатқанын не үшін айтып отыр?

Тағы бір таңданатынымыз ол мұны Теміртауға мемлекет басшысы келеді деген кезде айтты.

Аbctv.kz –тың компанияның өзіндегі дереккөзі мұны:

"Ирандағы санкцияға байланысты жағдай нашарлап кетті деп мұңын шағып, көмек сұрауға жақсы мүмкіндік пайда болды. Жоқ дегенде, темір жол тарифін немесе салықты төмендетейік", - деп айтқысы келді дейді.

ал егер жоғарыда айтылғандарды ескеретін болсақ, үкімет компанияға қалай жақсы көмектескенін көруге болады.

Бірақ та министрлер біздің салықтарымыз есебінен миллиардер Митталға тағы жеңілдік бермес бұрын "АМТ"-ның Иранға жеткізуін тоқтатуына санкцияның мүлдем қатысты жоқ екенін, тек компания ресейлік нарықтан көп пайда көріп отырғанын бір сәт еске салып кеткіміз келеді.

Қорыта келе айтарымыз, "АрсеорМиттал Теміртау" компаниясында жұмыс жақсы жүріп жатыр. Кәсіпорын күнін көре алмай отырған жоқ.

Олег И.Гусев

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу