Мұрагерлер зейнетақы жинағын бірден ала алады

82

Қазақстанда зейнетақы аннуитетін мұраға қалдыру тәртібіне өзгеріс енгізілді.  

Мұрагерлер зейнетақы жинағын бірден ала алады Фото: mgorod.kz

Елімізде зейнетақы аннуитетін мұраға қалдыру тәртібіне өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, жаңа норма ресми түрде күшіне енді.

"Бұған дейін зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болған жағдайда, оның шотында қалған қаражат отбасы мүшелеріне толық көлемде берілмейтін. Мұрагерлер бұл ақшаны тек ай сайын аз-аздан алып отыратын және бұл үдеріс бірнеше жылға созылатын. Қалған соманы бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді", – деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram-арнасында.

Мәжіліс депутатының сөзінше, отбасыларға таңдау құқығы берілді.

"Егер зейнетақы аннуитеті шотында қаражат қалса, мұрагерлер оны бұрынғы тәртіп бойынша ай сайынғы төлем түрінде алуды жалғастыра алады немесе қалған соманы толық көлемде біржолғы төлем ретінде ала алады. Енді бұрынғыдай қатаң шектеу жоқ – шешімді отбасының өзі қабылдайды", – деді Асхат Аймағамбетов.

Депутаттың пікірінше, жаңа норма зейнетақы аннуитеті жүйесін азаматтар үшін ыңғайлы әрі икемді ете түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу