Спорт
                <content:encoded><![CDATA[Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінен кейін Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингіне енді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
WBC жариялаған жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшы бірінші ең жеңіл салмақта 35-орынға жайғасты.
Бұл дивизионда WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы жапониялық Сёкити Иватаға тиесілі. Ал рейтингтің алғашқы үштігіне Таиланд өкілі Нокаут Си-Пи Фрешмарт, Доминикан Республикасының боксшысы Эрик Роса және филиппиндік Реджи Суганоб кірген.
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютін 28 тамызда Астанада өткен бокс кешінде өткізді. Ол филиппиндік Нил Джакамосты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
10 раундқа жоспарланған жекпе-жек толық өтіп, Тәшкенбай қарсыласын бесінші және сегізінші раундтарда нокдаунға түсірді. Осы жеңістің арқасында қазақстандық боксшы WBA Asia аймақтық чемпиондық белбеуін иеленді. Қазір оның кәсіпқой бокстағы нәтижесі – 1 жеңіс, 0 жеңіліс.
WBC-дің жаңартылған рейтингінде басқа қазақстандық боксшылардың да орындары белгілі болды. Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов бірінші орнын сақтап қалды. Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет бір саты жоғарылап, 12-орынға көтерілді. Жартылай ауыр салмақта Әли Ахмедов 28-орында тұр.
                <content:encoded><![CDATA[7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир – Денис Тен Мемориалы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Биылғы жарысқа 25 елден 150-ге жуық спортшы қатысады. Олар жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанау, сондай-ақ мұздағы би бағдарламаларында бақ сынайды.
Халықаралық турнир Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, жарыс Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында өзіндік із қалдырған, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне өткізіледі.
                <content:encoded><![CDATA[Қазақстан падел федерациясы Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрамның тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан намысын байрақты бәсекеде сегіз спортшы қорғайды. Ерлер және әйелдер арасындағы жарыста ел атынан екі жұптан өнер көрсетеді.
Ерлер:
	Евгений Данилов / Тимур Хабибулин
	Родион Пак / Жақас Қозбақ
Әйелдер:
	Альбина Хабибулина / Мария Синицына
	Әйгерім Сүлеймен / Татьяна Гиоргазде
Айта кетейік, падел спорт түрі алғаш рет жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізіліп отыр.
                <content:encoded><![CDATA[Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Түркияның Анкара қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясының төртінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыс 17-19 қыркүйек аралығында Ümitköy Ice Skating Complex мұз айдынында өтеді.
Жасөспірімдер арасындағы сайыста Никита Козлов бәсекеге түссе, жекелей  сында қыздар арасында Сафия Абаева ел намысын қорғайды.
Жұптық сайыста Қазақстан атынан Василианна Шелестова мен Абай Садықов өнер көрсетеді. Ал мұздағы биде ел намысын Ева Шелаева мен Иван Соловьев қорғайды.
2026/27 жылғы маусымдағы жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясы жеті кезеңнен тұрады. Анкарадағы жарыстан кейін бәсеке Грузияның Батуми, Словенияның Любляна және Польшаның Гданьск қалаларында жалғасады.
Серияның финалы 10-13 желтоқсан аралығында Қытайдың Чунцин қаласында өтеді.
Жасөспірімдер арасындағы сайыста Никита Козлов ел намысын қорғаса, қыздар арасындағы жекелей сында Сафия Абаева мұз айдынына шығады.
                <content:encoded><![CDATA[«Астана» футбол клубындағы қаржылық қиындық ушығып, негізгі құрам ойыншылары ресми матчтарға қатысудан бас тартты. Футболшылар клуб пен оның құрылтайшысынан кемінде үш айлық берешекті өтеуді талап етіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz спорт порталына сілтеме жасап.
Команда мүшелері клуб басшылығы мен «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорына ұжымдық өтініш жолдаған. Құжатта жиналған қарыздың мөлшері ойыншылар үшін қолайсыз деңгейге жеткені айтылған.
Футболшылар берешек өтелгенге дейін Қазақстан Премьер-лигасының қалған матчтарына қатыспайтындарын ескерткен.
Инсайдер Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, клубтың футболшылар алдындағы қарызы шамамен 700 миллион теңгеге жеткен. Алайда «Астана» басшылығы бұл соманы ресми түрде растаған жоқ. Клуб берешектің бар екенін мойындағанымен, оның нақты көлемі мен қашан өтелетінін ашып айтпады.
«Астана» өзінің ресми мәлімдемесінде негізгі құрамдағы бірқатар ойыншы алдындағы жекелеген келісімшарттық міндеттемелердің орындалмағанын және футболшылардан ұжымдық өтініш түскенін растады.
"Клуб басшылығы футболшылардың ұстанымына түсіністікпен қарайды. Қалыптасқан қаржылық қиындықтарға қарамастан, футболшылар мен жаттықтырушылар штабы ұзақ уақыт бойы өздерінің кәсіби міндеттерін толық орындап, жаттығу үдерісіне және ресми матчтарға қатысып, алаңда «Астана» ФК мен Қазақстан астанасының намысын абыроймен қорғап келеді.
Клуб команда мүшелерінің сабырлылығын, жауапкершілігі мен кәсібилігін жоғары бағалайды. Қалыптасқан жағдай футболшылардың Клубқа, оның жанкүйерлеріне және спорттық мақсаттарына деген адалдығына күмән келтірмейді", – делінген мәлімдемеде.
Қазір басшылық құрылтайшымен бірге қаржылық жағдайды тұрақтандыру және қарызды өтеу жолдарын қарастырып жатыр. Дегенмен клуб берешекті жабудың нақты кестесін жариялаған жоқ. Қаржы дағдарысының неден туындағаны да ресми мәлімдемеде көрсетілмеді.
Сонымен қатар «Астана» Қазақстан чемпионатынан шықпайтынын және 2026 жылғы маусымды толық аяқтайтынын хабарлады. Негізгі құрам алаңға шығудан бас тартқан жағдайда командаға жастар, резерв және клуб сапында ойнауға құқығы бар басқа футболшылар тартылуы мүмкін.
Бұл жағдай елордалық клуб үшін маусымның ең жауапты кезеңінде туындап отыр. «Астана» 23 матчтан кейін 45 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінде үшінші орында келеді. Команда көш басындағы «Ордабасыдан» 10, екінші орындағы «Қайраттан» 9 ұпайға қалып тұр.
                <content:encoded><![CDATA[Осылайша, France Football басылымы 2026 жылғы «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының есімін жариялап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Аргентиналық шабуылшы Месси бұл марапатқа екі жылдық үзілістен соң қайта ұсынылып отыр. Ол өткен маусымда «Интер Майами» мен Аргентина құрамасы сапында 49 матч өткізіп, 75 голдық нәтижеге қол жеткізді. Әрі ұлттық құрамасымен 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында доп тепті. 
Басты үміткерлер қатарында Усман Дембеле, Килиан Мбаппе, Харри Кейн, Эрлинг Холанд, Ламин Ямаль және Родри бар.
2026 жылғы «Алтын допқа» ұсынылған футболшылардың толық тізімі:
	 Усман Дембеле;
	  Джуд Беллингем;
	  Пау Кубарси;
	  Марк Кукурелья;
	  Луис Диас;
	  Бруну Фернандеш;
	  Эрлинг Холанд;
	  Габриэл Магальяйнс;
	  Харри Кейн;
	  Ашраф Хакими;
	  Хвича Кварацхелия;
	  Ламин Ямаль;
	  Маркиньос;
	  Садио Мане;
	  Килиан Мбаппе;
	  Лаутаро Мартинес;
	  Лионель Месси;
	  Нуну Мендеш;
	  Жоау Невеш;
	  Майкл Олисе;
	  Виллиан Пачо;
	  Хулиан Киньонес;
	  Деклан Райс;
	  Родри;
	  Ферран Торрес;
	  Дайо Упамекано;
	  Винисиус Жуниор;
	  Витинья;
	  Фабиан Руис;
	  Вильям Салиба.
Ал 5 дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду үміткерлер қатарында жоқ. Португалиялық футболшы бұл марапатқа 2022 жылдан бері ұсынылмай жүр. 
«Алтын допты» табыстау рәсімі 26 қазан күні Лондонда өтеді. Салтанатты кеш жүлденің алғашқы иегері Стэнли Мэтьюздің құрметіне алғаш рет Ұлыбритания астанасында ұйымдастырылмақ. 
                <content:encoded><![CDATA[Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің әлеуметтік желідегі парақшалары Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада кезінде ҰОК-тер мен олимпиадалық құрамалар арасында ең жоғары нәтижелердің біріне қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
IRIS Sport ұйымы ANOC Social Media Dashboard жобасы аясында жүргізген зерттеуге сәйкес, Қазақстан ҰОК-нің Instagram желісіндегі жарияланымдардың орташа белсенділігі бойынша бірінші орынға шықты. Әр жазбада орта есеппен 24 583 белсенділік тіркелген. Бұл – рейтингке енген Ұлттық Олимпиадалық комитеттер арасындағы ең үздік көрсеткіш.
Қазақстан ҰОК әлеуметтік желілердің жалпы тиімділігі бойынша да жоғары нәтиже көрсетті. Жарияланымдарға аудиторияның қатысу деңгейін көрсететін Engagement Rate көрсеткіші 118,9 пайызды құрап, комитет рейтингке енген ҰОК-тер арасында төртінші орын алды. Зерттеуге енген барлық платформаларды қоса есептегенде, бір жарияланымда орта есеппен 1,26 мың белсенділік тіркелген.
Олимпиада ойындары кезінде Қазақстанға қатысты есепке алынған әлеуметтік желілердің жалпы аудиториясы 7,78 млн жазылушыға жетіп, 112 мың адамға (+4,05 пайыз) артты. Жарияланымдар жалпы 9,25 млн белсенділік жинаса, бейнематериалдар 34,1 млн рет қаралған. Бұл нәтижеге көп материал жарияламай-ақ қол жеткізілді. Жарияланған материалдар саны бойынша АҚШ, Италия, Жапония, Ұлыбритания және Франция құрамалары көш бастады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан ҰОК-нің нәтижесі ең алдымен жарияланымдардың тиімділігін және олардың аудиторияны белсенді әрекетке ынталандыра алғанын көрсетеді.
IRIS Sport зерттеуіне сәйкес, Олимпиада-2026 кезінде көрерменнің спортшылар туралы материалдарға көбірек қызығушылық танытқаны анықталды. 
«Біз үшін әлеуметтік желідегі белсенділік бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, қатарынан екінші Олимпиада ойындарында да үздіктер қатарында болу өте маңызды. Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан ҰОК бұл көрсеткіш бойынша екінші орын алған еді. Ал 2026 жылғы Олимпиаданың нәтижесі бойынша бірінші орынға көтерілдік. Бұл атқарылып жатқан жұмыстың жүйелі екенін және ең бастысы, қазақстандықтардың ұлттық құрамаға деген қызығушылығы өте жоғары екенін көрсетеді. Біздің жанкүйерлеріміз өте белсенді. Олар спортшыларымызды бақылап, қолдау білдіреді, пікір қалдырады, жарияланымдармен бөліседі және құрамамен бірге олардың ең жарқын сәттерін бастан өткереді», – деді ҰОК PR және маркетинг департаментінің директоры Гүлназ Шукенова.
                <content:encoded><![CDATA[Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар құрамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құрлықтық додада Қазақстан атынан ерлер арасында:
	60 келіге дейін – Өтепберген Әлиев;
	65 келіге дейін – Сайрамкез Ақмолда;
	75 келіге дейін – Бексұлтан Айтбай;
	85 келіге дейін – Алексей Чуркин;
	95 келіге дейін – Нұрғиса Әділетұлы өнер көрсетеді.
Әйелдер арасында:
	57 келіге дейін – Екатерина Алякина;
	69 келіге дейін – Арай Нұрлыбекова;
	77 келіге дейін – Аянат Жұмағали;
	86 келіге дейін – Айғаным Жанболат;
	86 келіден жоғары – Любовь Ковальчук ел намысын қорғайды.
2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтеді.
Бұған дейін Қазақстанның Азия ойындарына қатысатын боксшылар тізімін жазған едік.
                <content:encoded><![CDATA[Қазақстан бокс федерациясы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын ерлер құрамасын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құрама сапына алты боксшы енді:
	55 келіге дейін – Махмұд Сабырхан;
	60 келіге дейін – Оразбек Асылқұлов;
	70 келіге дейін – Төрехан Сабырхан;
	80 келіге дейін – Сабыржан Аққалықов;
	90 келіге дейін – Нұрбек Оралбай;
	90 келіден жоғары – Айбек Оралбай.
Бұған дейін Қазақстан атынан бақ сынайтын әйелдер құрамасы да белгілі болған. 
Олар: 
	51 келіге дейін Алуа Балқыбекова;
	54 келіге дейін Назым Қызайбай;
	60 келіге дейін Виктория Графеева;
	65 келіге дейін Аида Әбікеева;
	75 келіге дейін Наталья Богданова.
2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталады.
                <content:encoded><![CDATA[Осылайша, Қазақстан құрамасының шабуылшысы жарақатынан айығу кезеңінде «Бернлиден» Лондонның «Челси» клубына уақытша келмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Жаза кеткен жөн, 18 жастағы футболшы Англия Чемпионшипінің төртінші турында «Мидлсброға» қарсы өткен кездесуде жарақат алған еді. Негізгі құрамда алаңға шыққан Дастан Сәтпаевтың 81-минутта жайсыздыққа байланысты ауыстыруды сұрағаны спортсүйер қауымға белгілі. 
Артынша қазақстандық шабуылшының санының артқы бұлшықетін жарақаттап, бірнеше аптаға қатардан шығып қалды. 
Д.Сәтпаев 2026/27 жылғы маусымның соңына дейін Чемпионшип клубында жалға алу негізінде доп тебуі тиіс. Жарақатынан толық айыққаннан соң шабуылшы «Бернли» сапына қайта қосылады. 
Қазақстандық ойыншы биыл «Бернлидің» 4 кездесуіне қатысып, оның үшеуін негізгі құрамда бастады. «Мидлсброға» қарсы ойында ол команданың үздік футболшысы атанып, арнайы жүлдеге ие болды. 
Дастан Сәтпаев «Челсимен» 2033 жылға дейін келісімшарт жасасқан. Лондондық клуб оны 2026/27 жылғы маусымда тәжірибе жинақтауы үшін «Бернлиге» жалға берген болатын.
                <content:encoded><![CDATA[Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымын астаналық «Барыс» сәтті бастады. Өз алаңында «Сибирь» клубын қабылдаған елордалықтар 7:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ойынның бірінші кезеңінде небәрі бір шайба соғылды. «Барыс» сапынан Всеволод Логвин көзге түсті.
Ал, екінші период астаналық клуб үшін нәтижелі болды. Айдын иелері «Сибирь» қақпасына бес гол соғып, жанкүйерлерін қуаныш сыйлады. Алдымен Дінмұхамед Қайыржан көзге түссе, артынша Джастин Бэйли екі шайба, Семен Симонов пен Чейз Эванс Приски бір-бір шайбамен қанжығасын майлады.
Үшінші кезеңде «Барыс» ойыншысы Пиллон Гаррет таблодағы көрсеткішті 7:0-ге жеткізген. Матч бітуге алты минуттай уақыт қалғанда ресейліктер сапынан Даниил Валитов бір гол соғып, матчтағы соңғы нүктені қойды.
Астаналық ұжымның келесі қарсыласы – «Салават Юлаев» (Уфа).
                <content:encoded><![CDATA[Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Төртінші айналымда әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина Жапония өкілі Наоми Осакамен кездесті. Қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатының екі дүркін жеңімпазын 6:1, 6:4 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 6 минутқа созылды.
Рыбакина алғашқы сетте қарсыласына бір ғана гейм берді. Екінші кезең тартысты өткенімен, шешуші сәттерде сенімді ойнап, кездесуді екі сетте аяқтады.
Матч барысында қазақстандық спортшы жеті эйс жасап, бір рет қос қателік жіберді. Ол сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланып, өз геймін қарсыласына бірде-бір рет берген жоқ.
Бұл – Рыбакинаның US Open жарысындағы алғашқы ширек финалы. Осылайша, ол мансабында «Үлкен дулыға» санатындағы төрт турнирдің де үздік сегіз ойыншысының қатарына еніп үлгерді.
Ширек финалда Рыбакина Қытай теннисшісі, Париж Олимпиадасының чемпионы Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Қытайлық спортшы төртінші айналымда польшалық Ига Швентекті жарыстан шығарған.
Рыбакина Чжэннен басым түссе, қарсыластарының нәтижесіне қарамастан, алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады.
                <content:encoded><![CDATA[Қытайдың Гуйян қаласында маунтинбайктан Азия сериясының кезекті турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыста Қазақстан намысын қорғаған Татьяна Генелева әйелдер арасындағы ХСС дисциплинасында күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз қашықтықты 25 минут 6 секундта бағындырды.
Жарыс жеңімпазы қытайлық Тин Ван атанды. Ол мәре сызығын 24 минут 14 секундта кесіп өтті. Үздік үштікті тағы бір Қытай спортшысы Цзыи Чжан түйіндеді.
                <content:encoded><![CDATA[Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде үш жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстың алғашқы күнінде Данил Васильев жеңімпаз атанды. Ол екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 258,4 ұпай жинап, австриялық Якоб Штайнбергерді (236,6) және польшалық Ян Галицаны (236,3) басып озды.
Екінші жарыс күнінде Қазақстан спортшылары топ жарды. Илья Мизерных 267,4 ұпаймен бірінші орын алса, Данил Васильев 259,8 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Үшінші орынға 244,5 ұпай жинаған Якоб Штайнбергер жайғасты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жарысты екі алтын және бір күміс медальмен аяқтады.
                <content:encoded><![CDATA[Оның сөзінше, медальдарды санау кезінде қателік кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін ұйымдастырушылар медальдық есепке қатысты түсініктеме берген болатын. 
– Командалық есептегі жалғыз техникалық сәйкессіздік медальдарды санау кезінде туындады. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның 3 спортшысының әрқайсысының медальдарын бөлек санау туралы шешім қабылдады. Осылайша, Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орын алды, – делінген Аскат Алагозовтың мәлімдемесінде.
Жаза кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларды VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жетістігімен құттықтады.  
                <content:encoded><![CDATA[Әзірге жұлдызды ойыншылар мұны ресми түрде растаған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аргентиналық БАҚ Тевестің қоштасу матчы 2026 жылдың желтоқсанында Буэнос-Айрестегі әйгілі “Ла Бомбонера” стадионында өтетінін жазған. Кездесуді шабуылшының кәсіби мансабын ресми түрде қорытындылайтын үлкен футбол мерекесіне айналдыру жоспарланған.
Матчқа Тевестің әр жылдары бірге ойнаған командаластары мен жақын достары шақырылуда. Ұйымдастырушылар тіпті Месси мен Роналдуды бір құрамға қосуды көздеген. 
Жаза кетейік, Тевес Криштиану Роналдумен “Манчестер Юнайтедте”,  Лионель Мессимен Аргентина құрамасында бірге доп тепкен. Сол себепті, ол футбол тарихындағы ең әйгілі екі қарсыластың бір командада ойнауына мүмкіндік жасаған. 
Месси мен Роналду 20 жылға жуық уақыт бойы әлемнің үздік футболшысы атағы үшін тайталасып, түрлі турнирде бір-біріне 37 рет қарсылас атанды. Десе де, олар осыған дейін бір команданың жейдесінде өнер көрсетпеді. 
Месси мен Роналду Тевестің шақыртуын қабыл алса, спортсүйер қауым футбол тарихындағы ең көп күткен оқиғалардың біріне куә болуы ықтимал.
                <content:encoded><![CDATA[АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ел экономикасына тигізген әсеріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 
«Америкалық туризм үшін керемет жаз болды. Америкалықтар 300 миллиард мильге жуық қашықтықты артқа тастап, ұлттық саябақтарымызға 78 миллион адам барды, ал миллиондаған адам аспанға көтеріліп, әуе көлігін пайдаланды. Бір ғана әлем чемпионаты экономикамызға 18 миллиард доллардан астам пайда әкеліп, 160 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Саяхат пен туризм дегеніміз жұмыс орындары, инвестициялар және америкалық компаниялар мен жергілікті қауымдастықтарға түсетін миллиардтаған доллар», – деп жазды Ақ үй басшысы әлеуметтік желіде.
Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өткен болатын. Америка тарапы турнирдің 78 матчын қабылдады.
                <content:encoded><![CDATA[Таеквондошы Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан әлемдік сериядағы Гран-при кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Айдана Құмартаева жарысты Германия спортшысы Супхрада Атеслиге қарсы жекпе-жектен бастап, жеңіске жетті. Кейін Коста-Рика өкілі Джейси Бассетттен басым түсті.
Ширек финалда қазақстандық спортшы Франция өкілі Мах Тенинбой Фофанамен кездесіп, қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Осы нәтижеден кейін Құмартаева кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Ал жартылай финалда ол әлемнің қазіргі чемпионы, Қытай Тайбэйінің өкілі Лю Ю-юнмен белдесті. Жекпе-жек 2:0 есебімен қарсыласының пайдасына аяқталды.
                <content:encoded><![CDATA[Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның медальдық есебі әртүрлі жарияланды. Медаль санына қатысты ұйымдастырушы тарап мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі спортшылар 32 алтын, 20 күміс және 22 қола, барлығы 74 медаль жеңіп алғанын хабарлады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан бірінші орынға шыққан. Ал Қырғызстан 30 алтын, 35 күміс және 19 қола медальмен екінші орында тұр.
Алайда Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының ресми Instagram парақшасында жарияланған кестеде Қырғызстан 30 алтын медальмен бірінші, ал Қазақстан 29 алтынмен екінші орынға қойылған.
Осыдан кейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та пікірталас туындады. Ұйымдастырушылардың Instagram парақшасындағы жарыстың қорытынды жазбасы жойылып, ресми сайтындағы медальдық кесте де алынып тасталған. Ұйымдастырушылар қорытынды медальдық есеп Ойындар хатшылығынан соңғы ақпарат алынғаннан кейін жарияланатынын мәлімдеді.
«VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының қорытынды медальдық есебі Ойындар хатшылығынан соңғы ақпарат түскеннен кейін жарияланады. Ресми растауға дейін жиынтық кесте жарияланбайды. Жарыс нәтижелері мен спорт түрлері бойынша берілген марапаттар тиісті бөлімдерде қолжетімді», – делінген хабарламада.
Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі де өз ұстанымын білдірді.
Агенттік ойындардың тұжырымдамасына сәйкес, елдер арасында ресми медальдық және жалпыкомандалық есеп жүргізілмейтінін атап өтті.
«Дүниежүзілік көшпелілер ойындары – ең алдымен этноспорт пен дәстүрлі спорт түрлерін сақтау, дамыту және насихаттау, мәдени байланыстар мен халықтар арасындағы достықты нығайтуға арналған халықаралық алаң. Ойындардың тұжырымдамасы елдердің жалпы рейтингтегі орын үшін бәсекесіне емес, ортақ тарихи-мәдени мұра төңірегінде бірігуіне негізделген», – делінген агенттік мәлімдемесінде.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа 100-ден астам елден спортшылар қатысты.
Мемлекет басшысы Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады.
                <content:encoded><![CDATA[Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президент осынау жоғары нәтижеге спортшыларымыз тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға шынайы ризашылығын жеткізіп, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретінде халықаралық беделін асқақтата түсетінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың ең беделді сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
                <description>Қазақстан үстел теннисі федерациясының Құрмет грамоталары мен медальдарына жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, төрешілер, серіктестер мен демеушілер ие болды. 
                <content:encoded><![CDATA[Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші үстел теннисі шеберлерінің қатысуымен өткен WTT Contender Almaty 2026 халықаралық турнирінің қорытынды күнінде Қазақстан Республикасында осы спорт түрін қолдау мен дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Қазақстан үстел теннисі федерациясының Құрмет грамоталары мен медальдарына жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, төрешілер, серіктестер мен демеушілер ие болды. Олар көптеген жылдар бойы спорттық бастамаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, ірі жарыстарды ұйымдастыруға атсалысып, болашақ чемпиондарды даярлауға қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға үлес қосып келеді.
Соңғы жылдары Қазақстанда үстел теннисі айтарлықтай дамып, өз позициясын нығайтты. Өңірлерде мамандандырылған орталықтар ашылып, даярлау жүйесі жетілдірілуде, спортпен шұғылданушылар саны артып келеді. Сонымен қатар ұлттық құрама мүшелері халықаралық деңгейдегі ең беделді жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр.
Федерация қызметінің негізгі бағыттарының бірі – World Table Tennis аясындағы халықаралық турнирлерді өткізу. Алматы қаласы әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдайтын беделді алаң ретінде өзін танытып үлгерді. Мұнда атақты спортшылар, Олимпиада жүлдегерлері және ірі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары тұрақты түрде бақ сынайды.
                <content:encoded><![CDATA[Ерлер арасындағы жекелей сындағы финалда Жапония өкілі Шунсуке Тогами Франция спортшысы Симон Гозиге қарсы кездесуді сенімді өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті және WTT Contender Almaty 2026 чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Әйелдер арасындағы жекелей сындағы финалда турнирдің ең мықты екі спортшысы кездесті. Жапониялық Миу Хирано отандасы Хина Хаятаны 4:1 есебімен жеңіп, әйелдер жұптық сынындағы жеңісінен кейін турнирдегі екінші чемпиондық атағын иеленді.
Күннің ең тартысты кездесуі ерлер жұптық сынының финалы болды. Ресейлік Лев Кацман / Максим Гребнев жұбы бес сетке созылған шиеленісті матчта швециялық Маттиас Карлссон / Кристиан Карлссонды 3:2 есебімен жеңді. Жапониялық Миу Хирано / Мию Кихара жұбы жоғары деңгейдегі үйлесімді ойын көрсетіп, Үндістан өкілдері Синдрела Дас / Сутиртха Мукерджиге еш мүмкіндік қалдырмай, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Аралас жұптық сынның финалында Ресей құрамасының өкілдері Евгений Тихонов / Мария Панфилова Жапония спортшылары Кадзуки Йошияма / Юна Оджионы 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Турнирдің бас серіктестері – «Самұрық-Қазына» АҚ және туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры Sport Qory. Қазақстан үстел теннисі федерациясына ADD Capital, Halyk Bank, Allur, Kazakhmys және ERG компаниялары, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне және Алматы қаласының әкімдігі демеушілік қолдау көрсеткен.
                <content:encoded><![CDATA[Ақтық сында Қазақстан құрамасы алаң иелері Қырғызстанмен кездесті.
Тартыстқа толы ойында көкпаршыларымыз қарсыластарына 2:7 есебімен есе жіберді.
                <content:encoded><![CDATA[Әлемдік рейтингте 2-орында тұрған қазақстандық теннисші US Open турнирінің үшінші айналымында әлемнің 58-ракеткасы, украиналық Юлия Стародубцевамен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 7:6 (8:6), 6:3 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер хард кортта 1 сағат 53 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 12 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Ширек финалға шығу үшін Елена әлемдік рейтингте 13-орында тұрған жапониялық Наоми Осакамен кездеседі.
                <content:encoded><![CDATA[Ақтық сында Қазақстан құрамасы алаң иелері – Қырғызстан командасымен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тартысты өткен ойында қазақстандық көкбөрішілер қарсыластарына 0:12 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, бұл жеңістен кейін Қырғызстанның алтын медаль саны Қазақстанмен теңесті. Қазіргі есеп – 26:26.