Бизнестің жүйелі мәселелері – барша кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарына әсер етеді, НҚА-ға өзгерістер енгізуді, құқық қолдану тәжірибелерін талап етеді.
Ең көп жүйелік мәселелер құрылыс және сәулет (53 немесе 10,3%), көлік және логистика (51 немесе 10%), медицина және фармацевтика (40 немесе 8%) салаларында тіркелді.
Жүйелік мәселелердің функционалдық шешімі рұқсат беру жүйесін
оңтайландыруды, бақылау қызметтерін
реформалауды, заңнаманы
жетілдіруді талап етеді.
Мәселелердің барлығы ұлттық палатаның
Мәселелер тізілімінде ашық түрде орналастырылған.