«Атамекенім»: Бауржан Оспановтың әлеуметтік жобалары

Кәсіпкерлік және қайырымдылық. Осы екі ұғымды біріктіретін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайында соңғы уақытта жиі айтыла бастады. Әр елдің атқамінер азаматтары туып-өскен ауыл-аймағының  әлеуметтік жағдайына бей-жай қарамай,  қолдау көрсетуде. Осындай игі істерді насихаттау үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қыркүйек айында «Атамекенім» акциясын бастады.  Шараның басты мақсаты кәсібін дөңгелетіп жүрген табысты жандар туған жеріне қол ұшын созса деген ой. 

Спикерлер: Жыланды мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі, доцент  - Манат Шәкенов, Жыланды мектеп-лицейінің Математика пәнінің мұғалімі - Ерболат Әбілхан, Жыланды мектеп-лицейінің директоры - Шыңғыс Бикенов, 10 баланың анасы - Ниталиева Мейрамгүл, Лепсі ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы - Әділғазы Мұқанов, Лепсі спорт мектеп-интернатының директоры - Серікжан  Омаров, жаттықтырушы - Серік Алшынбаев, Дзюдо бойынша Қазақстан чемпионы - Ерлан Советхан, ZHERSU инвестициялық-өндірістік корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы - Бауржан Оспанов.

Тілші: Жания Әбдібек.

Другие выпуски телепроекта
Подпишитесь на наш Telegram канал! Узнавайте о новостях первыми
Подписаться