banner

Құс шаруашылығы

Құс шаруашылығы тез дамитын, әрі тиімді сала. Балапандарды бағумен айналысқандар жұртты диеталық өнімдермен қамтып қана қоймай, еңбегінің жемісін аз уақытта көре алады. Бұл шаруашылықтың басты ерекшелігі – құстың жұмыртқасы мен еті, мамығы тіпті саңрығы да өтімді болғанында. Мал шаруашылығына қарағанда құстардан азықты төрт мезгіл үздіксіз өндіруге болады. Балапандарға жайлы орын, бар бабы жасалып отырса болғаны. Елімізде жұмыртқа өндіретін 35, ет алуға бағытталған 25 және құстарды асылдандыратын 7 фабрика бар. Ал құс өсірумен айналысатын фермерлердің саны мыңнан асады. Айта кететін бір жайт, құстың етінен гөрі жұмыртқа өндірісі ішкі нарықта үлкен сұраныста екен.

Другие выпуски телепроекта
Подпишитесь на наш Telegram канал! Узнавайте о новостях первыми
Подписаться