Тамақ өнеркәсібі

Қазақстанда тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған. Елімізде еттен бастап, дәмдеуіштерге дейін өндіріледі. «Ас адамның арқауы» деген дана халқымыз тамақтың тазалығы мен сапасына ежелден ерекше мән берген. Қазақстан халқы жаппай үйде отырған тұста тамақ өнідірісі ішкі нарықта едәуір өсті. Себебі, тамақтану орталықтары жұмыстарын тоқтатқандықтан әрбір азамат үш мезгіл ыстық асын үй жағдайында даярлауға мәжбүр болды. Ауыл шаруашылығы - тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізат көзі болып табылады. Елімізде өндіріліп жатқан жарма, май, ет, бұқтырма мен өзге де жиі тұтынылатын тағамдардың негізгі өнімін жергілікті фермерлер даярлауда.

Другие выпуски телепроекта