Ерғалиев Әсет Арманұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша көмекшісі  

14960
Ерғалиев Әсет Арманұлы

Әсет Ирғалиев 1986 жылы туған.

Білімі:

2008 ж. – Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын, Швецияда халықаралық бизнес мектебін бітірген.

2009 ж. — Йорк университетін бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

2010 ж. — Ноттингем университетін тәмамдаған. Мамандығы — экономист.

Еңбек жолы:

2010-2011 жж. – Лондондағы Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) экономика департаментінде Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша экономикалық саясаттың аймақтық сарапшысы.

2011 жылғы қазан айынан 2012 жылғы қараша аралығында осы департаментте бас өңірлік сарапшы.

2013 жылдың қаңтары 2016 жылдың ақпаны – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, вице-президент, кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры.

2016 жылдың ақпан-қазаны – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқармасы төрағасы.

2016 жылдың қазаны – 2018 жылдың шілдесі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.

2018 жылдың шілде-қыркүйегі –Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі жобалық басқару орталығы меңгерушісі.

2018 жылдың 3 қыркүйегі – 2019 жылдың 12 наурызы – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі.

2019 жылдың 12 наурызы – 2019 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары.

2019 жылдың тамызынан – 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі.

 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап  2022 қаңтарға дейін ҚР ұлттық экономика министрі.– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы Жарлығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы, 2022 жылдың 28 қарашада осы лауазымға қайта тағайындалды.

2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша көмекшісі болып тағайындалды. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу