Мұнай өнімдері нарығында не болып жатыр?

1657

Бүгінде Қазақстандағы жанармай құю станциясының ірі бөлшек сауда желілерінде АИ-92 маркалы бензинінің литрі 170-173 теңгеден, жергілікті (өңірлік) желілерде шамамен 180 теңгеден сатылып жатыр.

Мұнай өнімдері нарығында не болып жатыр?

Бұл болжамды баға наурызда жарияланған.

Елімізде АИ-92 бензинінің нақты бағасы литріне 190-200 теңге болуы керек деген есеп бар. Алайда Табиғи монополияларды реттеу комитеті бензин бағасының өсуін тоқтату үшін нарықты басқару мен тежеудің әдісін қолданған.

Қазіргі таңда бензин нарығында жағдай тұрақты. Қаңтарда Атырау мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) электр энергиясын беру бойынша проблема туындаған, ал сәуірдің соңында зауыт тиісті деңгейде мұнай өңдей бастады.

6 мамыр – 9 маусым аралығында Шымкент МӨЗ-де жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда бұл жағдай бензин нарығына әсерін тигізген жоқ. 

Сондай-ақ Үкімет ел аумағынан бензинді көліктің кез келген түрімен әкетуге тыйым салды (Техникалық регламент талаптарына сәйкес бензин құятын көлік багын қоспағанда).

Үкімет отын нарығын қашанға дейін бақылауда ұстайды, ал мұнайшылар мемлекетке қашанға дейін көмектеседі? Бағаны ұстап тұру механизмі тұтынушылар арасындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алуға септігін тигізеді. Алайда мұндай шараның салдары да болады.

Қазақстандағы мұнай өнімдеріне төмен баға өңдеуге жеткізілетін мұнай құнын арзандату есебінен қалыптасады. Бүгінде мұнайдың экспорттық бағасы өсіп жатыр. Осыған байланысты ішкі нарықтағы бағы экспорттық бағадан 110-140 доллар/теңге көлемінде жеңілдікпен қалыптасып отыр. 

Осылайша, Қазақстанның мұнай саласына инвестиция құйған инвесторлар, қарапайым мұнайшылар, тұрғындар тарапынан көптеген сұрақ туындайды. 

Сондай-ақ ішкі нарықта тұтыну үшін мұнай бағасын арзандату мұнай барлауды, өндіруді және қолданыстағы кен орындарында жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік бермейді.

Инвесторлар мен мұнайшылардың көңіл-күйін айтпаған күннің өзінде, ішкі нарықта мұнай бағасының арзандауы мемлекет бюджетінің кіріс бөлігіне айтарлықтай әсерін тигізеді. 

Яғни тұтынушының көңіл-күйін қанағаттандыру үшін бензин бағасын төмендету арқылы мемлекет бюджеті салық төлемдері және мұнай сатудан түсетін басқа да түсімдер азаяды. Бұл Үкіметке көптеген әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырмау қаупін тудырады.

Біздің ойымызша, бензин бағасын ұстап тұру тетігі демалыс маусымының соңына дейін жалғасады. Бүгінде отандық тұтынушылар "Бұл – отандық мұнай. Ол еліміздегі зауытта өндірілген. Қазақстандықтар үшін бензин неге қымбаттайды?" деген пікірді ұстанады.

Жауап дайын: "Біз 30 жыл бойы нарықтық экономика жағдайында өмір сүреміз. Мұнай өндіру, оны тасымалдау, қайта өңдеу және ілеспе қызметтердің барлық спектрі шығыннан тұрады. Олардың басым бөлігі – бизнес шығындары. Бағаны нарық, оның ішінде әлем нарығы реттейді".

Бензин нарығындағы жағдайды түсіндірдік. Ал алдағы уақытта еліміздегі отын нарығында қандай өзгеріс болуы мүмкін?

Қазақстан Үкіметінің Қаулысына сәйкес 1 шілдеден 30 қарашаға дейін дизель отынына акциздің ставкасы өзгереді. Яғни акциздің бағасы тоннасы 540 теңгеден 9300 теңгеге артады. Демек шілдеден бастап дизель отынының көтерме сауда бағасы өседі. Бұл бөлшек сауда бағасына қалай әсер етеді? Маусымның соңындағы өңірлерде дизель отыны қорының болжамды деңгейін ескерсек, 20 шілдеге қарай бөлшек саудадағы дизель отының литрі 7-8 теңгеге қымбаттайды.

Алайда дизель отынына бағасының өсуі Қазақстан нарығындағы 
қандай да бір жағдайға байланысты емес екенін тұтынушы түсінуі керек. Бағаның өсуіне жанама салық ставкасы әсер етіп отыр.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу