"100 млн немесе 7 жыл түрме": Қыз зорлады деп айыпталған кәсіпкер өз шындығын айтты

3060

Танымал трейдер, қаржыгер Думан Ерқанат "қыз зорлады" деген жалған айыппен 7 айға түрмеде отырып шыққанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"100 млн немесе 7 жыл түрме": Қыз зорлады деп айыпталған кәсіпкер өз шындығын айтты Фото: Жеке парақшасынан

2023 жылы 13 қыркүйекте қаржы сауатын үйрететін танымал трейдер Думан Ерқанат қыз зорлады деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ол шешіммен келіспей, апелляциялық сотқа шағымданған болатын.

Ол Арайлым Төрегелді деген әйелдің өзінің трейдинг курсына қызығып хат жазғанын, кейін екеуінің келісімді түрде кездесіп, қосылғандарын айтты. Алайда, Арайлым артынша екі сағаттан кейін "мені зорлады" деп арыз жазып, арызын қайтарып алу үшін 100 миллион теңге сұрағанын айтты.

"Трейдинг саласына қатысты сұрақтармен Төрегелді Арайлым Бауыржанқызы деген әйел хат жазып жүрді. Бастапқыда күдіктенбедім де, еш арам ойым болған жоқ. Сондай кезекті хат Арайлымнан 2022 жылдың 4 желтоксан күні сағат 22:30 шамасында  келді. Сөйлесіп отырып, не істеп жатқанымды сұрады. Мен үйде жалғыз фильм көріп жатқанымды айттым. Ол бірге көргісі келетінін тұспалдады. Мен қарсы болғам жоқ. Осылай жарты сағатта өз көлігімен үйіме келді. Бұл кезде сағат 22:50 шамасы болатын. Бірге фильм қарадық. Әңгімелестік. Сонымен, қыз емеуірін танытып, қалауын білдірген соң жақындастық. Шалыс баспайтын адам болмайды ғой. Жасы 30 шамасындағы тек брендтен киінген , қымбат көлік мінген әйелге керегі төсек шығар деп ойладым. Мен оны зорлайтындай оған мұқтаждық жоқ еді. Қысқасы, қыздың көңілін қайтарғым келген жоқ. Сәлден соң Арайлым қарным ашты деп назданады. Екеміз бірге тамаққа тапсырыс бердік. Бір сағаттан соң курьер келді. Бірге тамақтандық. Жобамен түнгі 01.30 шамасында Арайлым Төрегелдіні көлігіне дейін шығарып салып, алаңсыз ұйқыға жаттым. Арада екі сағат өткенде үстімнен арыз түскенін естідім. Арайлым Төрегелді зорландым деп арыз жазған. Мен қыздан мұнысы жала екенін айтып, не керегін сұрадым. Ол менен 100 млн теңге талап етті", – деп жазды ол.

Кейіннен 7 жыл өмірін менің қолымда. Билікте де, сотта да ағаларым бар, бәрін шеше аламын" деген қыздың сөзіне Думан Ерқанат мән бермеген. Алайда, екі айдан кейін кәсіпкер қамауға алынды.

Апелляциялық сот үкімі бойынша Думан Ерқанатты бірінші сатыдағы сот өз кінәсін мойындағаны үшін соттап жіберген. Алайда қыздың зорланғаны туралы айғақ жеткіліксіз деп таныпты. Мұндай шешімге не әсер еткенін сот алқасы былай деп түсіндірген.

"Ол зорлану барысында айқын қарсылық көрсетпеген, себебі Думан Ерқанаттан дене жарақаттары анықталмады. Заттай дәлелдемелерді зерттеу хаттамасы бойынша оның киімі жыртылмаған. Думан Ерқанатқа қатысты Бостандық ауданы №2 аудандық сотының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі үкімі жойылсын, іс бойынша жаңадан ақтау үкімі қабылдансын. Думан Ерқанатқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылсын, дереу қамаудан босатылсын", – делінген ақпан айындағы сот үкімінде.

Депутат, заңгер Абзал Құспан аталмыш жайтқа қатысты отандық YouTube арналардың бірінде пікір білдірді:

"Әуелі қылмыс болды ма, болмады ма соны айқын біліп алу қажет. Егер қызды қинаған, еркінен тыс күш қолданып жыныстық қатынасқа түскен болса, онда ол сөзсіз – қылмыс. Ал егер келісім болса қылмыс емес. Мен апелляциялық алқаның келтірген уәждерін, сот актілерін қарап шықтым. Жағдай ешқандай да қылмысқа келмейді. Алматы қаласының апелляцялық соты дұрыс шешімге келген екен деген ойда қалдым", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу