Депутаттар кедейлікті жеңе алмай отырғанымызды енді білді

767

Әлеуметтік Кодексте ескірген және негізсіз әлеуметтік параметрлер қолданылатынын бүгін депутаттар ашық айтты. 

Депутаттар кедейлікті жеңе алмай отырғанымызды енді білді

Оған қоса, батыл сөйлеген олар еліміздің кедейлікті жеңе алмай отырғанын, ақыры, мойындады. Дүниежүзілік банк Қазақстан азаматтарының 15 пайызының жағдайы тым нашар десе, біздікілер: "халықтың 5,1 проценті ғана кедей" деп көрсеткен. Ақиқат шындықпен сәйкес келмейтінін сынаған мәжілісмендер: "ең төменгі күнкөріс көлемі дұрыс есептелмейді",- деген ойын да жеткізді.

Тиісінше, мұқтаж жандар қажетті әлеуметтік төлемдерді толық көлемде ала алмай отыр. Сондықан есептеу әдісін жетілдіруді талап етті. Бұған қоса, депутаттар айлық есептік көрсеткіштен бас тарту қажеттігін айтты. Себебі оның сараптау әдісі не экономикаға, не жалақыға сүйенбейді. 

"Тәуелсіздік қарсаңында енгізілген айлық есептік көрсеткішті әлі пайдаланып келеміз. Иә, бұл жоспарлауға ыңғайлы шығар. Бірақ, оның экономикамен де, жалақымен де еш байланысы жоқ. Сондықтан алдағы уақытта әлеуметтік төлемдерді бір көрсеткіш: не ең төменгі күнкөріс деңгейі, не ең төменгі жалақы бойынша аудару керек деп санаймыз", дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жәмилә Нұрманбетова.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Тамар Дүйсенова, Мемлекеттің мүмкіндігіне қарай, көмек көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар бар. Сондықтан да атаулы әлеуметтік көмек бойынша күнкөріс деңгейін 2025 жылдан бастап медиандық табыс есебінен анықтаймыз. Ал зейнетақы бойынша базалық зейнетақыларды өсіріп жатырмыз, 2028 жылға қарай ең төменгі еңбекақыға ауыстыру мәселесін қарастырамыз, деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу