Интернетпен қамтудың цифрлық картасы іске қосылды

799

Аталған құжатта екі ірі инфрақұрылымдық жобаның сипаттамасы мен ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет жүргізу мерзімдері көрсетілген.

Интернетпен қамтудың цифрлық картасы іске қосылды

Енді кез келген қазақстандық өзі тұратын елдімекеннің телекоммуникациялық төлқұжатымен таныса алады. Әсіресе, бұл карта кеңжолақты Интернетпен әлі қамтамасыз етілмеген ауылдар үшін пайдалы, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Аталған құжатта екі ірі инфрақұрылымдық жобаның сипаттамасы мен ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет жүргізу мерзімдері көрсетілген.

Сондай-ақ, Интернетпен қамту картасы қолданыстағы оптикалық инфрақұрылым, мобильді кеңжолақты қосылу деректерін қамтиды. Бұл ресурс арқылы азаматтар Қазақстанның елді мекендерінің интернетпен қамтылу деңгейі туралы ақпарат ала алады.

"Бұл картаның азаматтармен қатар, бізге депайдасы бар. Біз картаға байланыс операторларының аймақтарды интернетпен қамту туралы ұсынған  деректерін енгіздік. Егер азаматтар картадан қандай да бір сәйкессіздіктерді анықтаса, қамтылу аймағы, технологияларға қатысты бұл жөнінде kartakz.kz@gmail.com электронды поштаға жазуын сұраймыз. Біз байланыс операторларымен бірлесіп анықталған сәйкессіздіктердің себептерін анықтаймыз. Мұндай фидбек деректер базасын өзекті етуге және осы ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуде тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.

Жобаны  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырды. Карта "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының ресми сайтында орналасқан: https://digitalkz.kz/map/

Бүгінде Цифрлық даму министрлігінің байланыс операторларымен бірлесіп,ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етуге бағытталғанекі ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырып жатыр:

Талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) технологиясы бойынша ел ауылдарын интернетке кеңжолақтықосуды қамтамасыз ету. Бұл үшін байланыс операторлары 20 мың километрге жуық "оптоталшықты" желіні жүргізеді, бұл 1200-ден астам ауылды қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні 751 шалғай ауыл ТОБЖ-ға қосылған.

Интернетке мобильді кеңжолақты қосылуды қамтамасыз ету. Осы жоба шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін тұрғын саны 250-ден көп ауылдардың бәрі 3G/4G технологиясының көмегімен кеңжолақты Интернетпен қамтылуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу