Қарашығанақ жобасын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі келісімге қол қойылды

686

Қарашығанақ жобасының Өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің (ӨБТК) шарттарына сәйкес Қазақстан өз құқықтарын қорғау үшін халықаралық төрелікке талап-арыз берген еді. Дегенмен, көп жылдық ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, тараптар келіссөздер барысында дауды реттеудің өзара тиімді бейбіт жолын тапты.

Қарашығанақ жобасын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі келісімге қол қойылды

ҚР үкіметі энергетика министрлігі, қаржы министрлігі және өкілетті орган — "PSA" атынан, сондай-ақ Eni, Shell, Chevron, "Лукойл" және "ҚазМұнайГаз" (бұдан әрі – Консорциум) компаниялары атынан Қарашығанақ жобасының акционерлері Объективтілік индексі бойынша дауды достық жолмен реттеу жөнінде қағидаттық уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Тараптар реттеудің негізгі шарттарын бекітетін қағидаттар туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы мен Консорциум арасында пайда беретін өнімді бөлу мәселесінде тараптардың үлестерін калькуляциялау әдістемесі бойынша келіспеушіліктер болатын. Осыған орай Қарашығанақ жобасының Өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің (бұдан әрі – ӨБТК) шарттарына сәйкес Қазақстан өз құқықтарын қорғау үшін халықаралық төрелікке талап-арыз берген еді. Дегенмен, көп жылдық ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, тараптар келіссөздер барысында дауды реттеудің өзара тиімді бейбіт жолын тапты.

Осылайша, тараптар уағдаластықтарды бекіту үшін қағидаттар туралы келісімге қол қойды. Осы келісімде реттеудің негізгі шарттары келтірілген: консорциум $1,111 млрд мөлшерінде ҚР-ға ақшалай өтемақы төлейді; ӨБТК өнімін бөлу тетігіне өзгерістер енгізіледі, бұл өз алдына Қазақстанның 2037 жылға дейін бір баррель үшін $80 бағасымен шамамен $415 млн қосымша табыс алуын қамтамасыз етеді; консорциум инфрақұрылымдық жоба құрылысы үшін Қазақстанға $1 млрд мөлшерінде 10 жылдық мерзімге ұзақмерзімді займ береді, немесе шамамен $200 млн сомасында займның эквивалентті құнын (ҚР займнан бас тартқан жағдайда) төлейді.

Осылайша, осы реттеудің жалпы ақшалай құндылығы Қазақстан үшін $1,7 млрд құрайды, оның ішінде шамамен $1,3 млрд-ты мемлекет жақын арада алады.

Үкімет көрсетілген ұсынысқа қосымша консорциумның Қарашығанақ жобасының болашақ дамуы үшін маңызды инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру бойынша міндеттемелерін қабылдауы туралы келісті. Алдын ала инвестициялар көлемі $5 млрд сомасына бағаланады, бұл 2037 жылға дейін бір баррель үшін $80 бағасымен ҚР үшін табыстардың шамамен $23,5 млрд (немесе NPV10-да шамамен $6,4 млрд) өсуін көздейді.

Сонымен қатар тараптар жергілікті МӨЗ-дер үшін және Батыс Қазақстан облысында газ-химия кешенін дамыту үшін коммерциялық шарттарда көмірсутек шикізаттарын (мұнай мен газды) жеткізу мүмкіндігі туралы келісті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу