Форвардтар "келмеске кетті"

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
2161

Ауыл шаруашылық министрлігі форвардтық сатып алуға үзілді-кесілді қарсы.

Форвардтар "келмеске кетті"

Бұдан бұрын қолданылып келген астықты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) кепілдемесімен форвардтық сатып алу кестесі енді алынып тасталады. Ауыл шаруашылық министрлігі мұндай механизм тиімсіз екеніне сенімді және ең бастысы бұл Азық-түлік корпорациясы атынан жұмыс істейтін қаржы операторына пайдасы шамалы дейді.

"Бұл әңгімені (механизмдерден бас тарту– автор еск.) 2014 жылы бастаған болатынбыз. Өйткені ӘКК-тің Азық-түлік корпорациясы алдына қойған кепілдері бланкілік түрде. Яғни дефолт болған жағдайда қаражат кепілгер болған ӘКК тарапынан қайтарылмайды. Бұл мемлекеттің, бюджеттің ақшасы, ол жылдың соңына дейін ғана қысқа мерзімге беріледі және Азық-түлік корпорациясы бұл ақшаны қайтарып алуға тиіс. Қайтарымды қамтамасыз ету үшін ол капитал нарығынан нарықтық пайызбен  ақша алады", – деді ауыл шаруашылық министрлігінің инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары Азамат Хамиев.

Оның айтуынша, ӘКК-тің өзіне де бұл механизм тиімсіз болған. Азамат Хамиев ӘКК бұл қызмет түрі "шығынға әкеледі, аймақтық деңгейде дамуға кедергі келтіреді" деп айтқанын алға тартып отыр.

Алайда дәл осы механизм бойынша жыл сайын шамамен 14-15 млрд теңге бөлініп отырған. Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша, бұл негізінен солтүстіктің астық өсірумен айналысатын аймақтарының 2 млн га жеріне егін салуға мүмкіндік берген.

Бүгінгі күні шаруа қожалықтарына бұған балама ретінде не ұсынылып отыр? Ауыл шаруашалығы министрлігі "ҚазАгро" холдингінің жаңа несиелік саясаты ауыл шаруашылық өндірушілеріне жалпы негізде несие алуға мүмкіндік беретініне сенімді. Оған қоса, мысалы, Аграрлық несие корпорациясының қазіргі шарттары ( "ҚазАгро"-ның еншілесі) өте жеңіл, АНК кепіл ретінде шаруалардан "негізгі қорды", яғни жер, мал, ауыл шаруашылық техникасын қабылдайды.

Еске сала кетсек, көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарына несие беру мөлшері төмендегені туралы ресми түрде хабарланған.  Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 69 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. Сонымен қатар бұған шамамен 3 млн га жерге егін салатын 1,5 мың ауыл шаруашылық өндірушілерін қаржыландыру жоспарланып отыр. Шаруалар несиені тікелей Аграрлық несие корпорациясынан бұрынғы 5%-дың орнына 2%-бен ала алады.

Егер несие екінші деңгейлі банк арқылы берілетін болса, онда несие беру мөлшері несие алушы үшін 6%-дан аспайтын болады, өйткені банктер үшін де мөлшерлеме 3,7%-дан 2%-ға төмендетілген. Егер қаржыландыру несиелік серіктестік (НС) немесе шағын қаржы ұйымдары арқылы берілетін болса, онда қарыз алушы үшін мөлшерлеме 6%-дан аспайды, өйткені НС және ШҚҰ үшін несие беру мөлшерлемесі 5%-дан 3%-ға төмендеген.

Ирина Севостьянова, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу