Қарыз 800 млрд теңгемен шектелмейді

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
1891

Агрохолдингтердің қарызы триллион теңгеден асып кетуі мүмкін.

Қарыз 800 млрд теңгемен шектелмейді

Ауылшаруашылығы министрлігі агрохолдингтердің қарызын есептеп жатыр. Таяу күндері тәуелсіз сараптама жасайтын консалтингтік компанияға байқау жарияланады. Ауыл шаруашылығы министрлігі консалтингтік компанияның жүргізетін сараптамасы негізінде агрохолдингтердің жағдайымен толық танысуға мүмкіндік аламыз деп үміттенеді.  

Бұл компанияларды заң жүзінде агрохолдинг деп атау заңсыз, өйткені біздің заңнамада агрохолдинг деген түсінік жоқ. "Әліби", "Иволга" және "ҚазЭкспортАстық" деген үш компания бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемде осы компанияларға арналған жеке жұмыс жоспарын әзірлеу туралы айтқан болатын. Алайда бүгінгі күні құрылған кредиторлар кеңесі бұл кәсіпорындардың қарызын санап біте алмай жатыр.

"Әр түрлі қарыз бар. Банк қарызы, банктің емес құрылымдардан алынған қарыз бар. Сондықтан қазір осы жағдайды анықтап алу үшін сараптама жасауды ұсынып отырмыз. Банктегі несиелер қарыздың жартысы ғана", – деді abctv.kz-ке ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Бүгінгі таңда белгілі болып отырған қарыз (тек банк және қаржы ұйымдарына ) көлемі 800 млрд теңге. Ал тәуелсіз сараптамадан кейін бұл қарыздың көлемі қанша болатынын айтуға ауылшарашылығы министрлігіндегілердің дәті бармай отыр. Бірақ та кәсіпорындардың жартысын "сақтауға" болады деп отыр.

Вице-министрдің айтуынша, осы үш компанияның құрамына кіретін барлық кәсіпорынның барлығының жағдайы нашар емес.

"Өз жұмысын атқарып жатқан тұрақты компаниялар бар", – деді ол.

Компанияларды оңалту немесе банкрот деп тану туралы шешімді ауылшаруашылығы министрлігі емес, кредиторлар кеңесі шығарады. Қазірдің өзінде кеңес құрамына кірген кейбір банктер бұрын берілген қарыздарды есептеу мүмкіндігі туралы сөз қозғауда.

Осы жылдың көктемінде АӨК кәсіпорындарын қаржылық сауықтыру борышкерлердің адал жұмыс  істеуінен іске аспай отыр делінген еді.Осыған байланысты компанияларды дағдарыстық жағдайдан қалай алып шығуға болатыны туралы агрохолдингтерге арналған нұсқаулық әзірлеу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның  айтуынша,  қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысатын 127 компания қолданылатын шараларды егжей-тегжей түсіндіруді талап еткен. Бұл заңсыз кәсіпорындарды "Иволго-Холдинг", "Әліби", "Атамекен-Агро" компаниялары құрамына, яғни  агрохолдинг деп есептелген компаниялардың құрамына кіргізуге болады.

"Бұл үлкен аудандар, жалпы алатын болсақ, 127 шаруашылық, олардың жалпы ауданы 3,5-4 га болады. Бұл өңірлердегі көптеген жұмыс орны деген сөз. Осы АӨК субъектілерінде жұмыс істеп жүргендерге зиян тимейтіндей етіп, бұл мәселені кешенді түрде шешкіміз келіп отыр", – деді вице-министр.

Осы орайда қаржылық сауықтыру бағдарламасы 2013 жылы бастау алып, оған 500 млрд теңге бөлінген болса, кәсіпорындар неге әлі күнге дейін қолдау талап етіп отыр деген орынды сұрақ туындайды. Жағдай мүлдем басқа болып шықты, сөйтсек өздерінің проблемаларын айтпаған кәсіпорындар да бар екен. 

"Кәсіпорындардың жағдайымен толық таныс емеспіз. Мысалы "Иволго" компаниясына қатысты айтар болсақ, оның проблемалық несиелерінің тек 19%-ы ғана қаржылық сауықтырудан өткен. "Әліби" компаниясының шамамен 50%-ы, ал "ҚазЭкспортАстықтың" 30%-ы ғана қаржылық сауықтыру бағдарламасына іліккен", – деп мойындады вице-министр.

Жалпы 2013-2015 жылдары қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске асыру кезінде 404 субъектінің өтініші мақұлданған. Олардың қарыздарының жалпы көлемі 520 млрд теңге, оның ішінде 333 млрд теңге "ҚазАгро" холдингінің қорландыру есебінен болып отыр.

2016 жылдан бастап, жаңа өтініштер қабылданбайды. 2016 жылы субсидия төлеу үшін 24,7 млрд теңге бөлінген. 2017 жылы субсидия бөлуге 30,4  млрд теңге қарастырылған. Ауылшаруашылығы министрлігі болса субсидиялау бағдарламасына қатысу талабын күшейтті. Егер компания қарызды төлеуді 90 күнтізбелік күнге кешіктіретін болса, онда ол компания бағдарламадан автоматты түрде шығып қалады. 

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу