banner

Кәсіпкер: тамызда қозы етін экспортқа шығарамыз

11620

Бүгінгі күні елімізде  ірі қараның  ауруға шалдығу   оқиғасының жиілеуі  сиыр еті экспортының  азаюына әсер етті. Қазірде кәсіпкер азаматтар сырт елдердің  нарығына ет өнімдерінің өзге де түрлерін  жеткізуді ойластыруда. 

Кәсіпкер: тамызда қозы етін экспортқа шығарамыз

Бұл туралы  abctv.kz арнасына  Батыс қазақстандық  Crown Batys и Batys Marka Lamb компаниясының ортақ иесі Рақымжан Исмағанбетов өз ойымен бөлісті.

 -Рақымжан мырза , сіздер өнімдеріңізді қайда жөнелтесіздер?

- Біздер,бастысы, Ресей нарқына сиыр етін экспорттаумен айналыстық. Кәсібіміз бұған дейін табысты болғанымен ірі қара арасында індеттің таралуынан көрші ел  екі жыл бұрын Қазақстаннан ет импорттауға шектеу қойды. Мұның біздер үшін үлкен мәселе екендігі рас.Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл іспен айналысуда.Тіпті, вице-премьер Бақытжан Сағынтаев та араласқанымен әзірге жағдай өзгере қойған жоқ.

- Осы күнге шейін қанша тонна ет сатылды, Ресейдің тыйымынан соң қаншалықты шығындандыңыздар, сол жөнінде айта аласыз ба?

- Шығын айтарлықтай, баға мен логистикаға бола ішкі нарықта кәсібімізді жүргізе алмаймыз. Біздер тек экспортты көздегенбіз. Қазіргі күні сырт елдермен сауда-саттық тежелді. Дегенмен, басқа да мүмкіндіктерді  қарастырудамыз. Оңтүстік бағытқа,яғни  Иран мен Біріккен Араб әмірліктеріне ет экспорттауды жоспарлағанымызбен уақыт пен қаражатты қажет етеді. Ресей нарқына барлық жол жабылды. Логистика жайы да белгілі болды. Бірақ, жақын арада уәде еткендей түйткіл шешіледі деп үміттенеміз.Одан трагедия жасамай компаниямыздың ішкі жұмыстарын реттеуіміз керек.

 - Бүгінге дейін қанша тонна ет экспортқа шығарып үлгердіңіздер?

- Бірнеше жыл ішінде-ақ мың тоннадан асты деуге болады.Әйткенмен, уақытымыздың көбі ветеринарлық құжаттарды рәсімдеуге кететін.Экспорттан бөлек өз ішімізде де мәселелер жеткілікті болатын.

- Сіздерді қазіргі  елдегі нарық қаншалықты қызықтырады?

- Біздер үшін еш пайдасыз.Табыстың бәрі логистикадан артылмайды. Жай ғана Астана немесе Алматының  нарқына кіре алмайсың. Олардың да өз ойыншылары бар.Сондықтан біздерге уақыт жоғалтып, қаржылық қиындыққа кезіксек те Ресей нарығының ашылуын күтуіміз қажет. Біздерге бір-екі ай тосқанымыз тиімдірек.Онан соң бұрынғыдай жұмысымызды жалғастыра береміз.

- Бұл ахуалдың мұнан әрі созылуынан қауіптенбейсіз бе?

- Бұдан біздер 70 пайыз табысымыздан айырыламыз деп қауіптенеміз.Болжауымызша солай.

- Кәсіпорнынның жобалық қуатын айтсаңыз?

- Бір мезгілде 8640 бас ірі қара бордақыланып, бір ауысымда 12-15 тонна ет сойылады.Ал 1400 қой 20 тонна ет береді.  

- Сіздер  Мәскеу мен Петербор қалаларын етпен қамтисыздар ғой?

-Иә.Самара мен Қазанда, миллионер қалалар болғандықтан нарық та үлкен, маркетинг жағынан да аз шығынданамыз. Біздер ірі делдалдармен жұмыс жасадық.

- Ресей рублі біздің валютаға  шаққанда 3 теңге болғанда жағдай басқаша болатын. Қазіргі күні нарықтағы үлестен құр қалмас үшін ет экспорттауды жалғастыра берер ме едіңіздер?

- Біздерге тиімсіз. Мұның алдында мемлекет субсидиясы шығынды өтейтін еді. Экспортпен бірге ішкі нарық үшін әр келісіне берілетін.

- Бүгінгі күнгі кәсіпорныңыздың ахуалы қалай?

- Қазіргі рубльдің 5,3 теңге болуы біздерге қолайлы-ақ. Нарыққа қайта қосылар болсақ, субсидияның аздығына да келісер едік. Негізгісі Ресейге жол ашылса...

- Қашаннан бері Ресейге ет жеткізуді доғардыңыздар?

- Мамырдың ортасынан бері.

- Украина болмаса өзге елдердің нарығын қарастырмадыңыздар ма?  

- Бизнес те кейде маусымдық болады.Осы кезде қолдан жемдеу шығынды қажет ететіндіктен малдар жайылымда жүр. Қыркүйекке дейін солай болмақ. Күзде түліктер қораларда ұсталатындықтан жем-шөпке қаржы керек. Қиындықты сонда сезінеміз.

- Демек, қыс пен көктемде  мал сою науқаны басталады ғой?

- Иә.Одан кейін баға құбылады.Өйткені, жазда еттің арзандайтыны анық.

- Ең жоғары баға көктемде ме?

-Иә.

- Еттің килограммы 10 доллардан сатыла ма?

-Ресейдің кейбір аймақтарыңда 4 доллардан саудаланады.

- Олар тоңазытылған ба?

- Иә, себебі, беларусьтықтармен бәсекелесуге мәжбүрміз.Онымен қоса Ресейде бұл кәсіп жылдам дамуда.Ондағы мықты алыптың бірі "Мираторгтың" өз саясаты мен басқару жүйесі бар.Ол жақта оңай болмағанымен әлі де ет экспорттауымызға болады.Біздің өніміміз көп те емес.

- Ресей нарығына ортақтасқандарыңызға қанша жыл болды?

-Бес жылға жуықтады.

- Кәсібіңіз өзін ақтады деп айтуға бола ма?

- Жоқ,әрине. Бұл жобаға қомақты қаражат жұмсалды. Экспорт үшін қыруар қаржы керек. Жай шаруашылық пен кооперативтер экспортер бола алмайды.Технология қажет. Ресеймен сауда-саттығымыз үзілмегенде, бәлкім бес жылда ақталар ма еді. Мәселе шешілмесе мүмкін он жыл бола ма, ауыл шаруашылығы саласы қашанда үлкен қаражатты талап етеді.

- Сіздерде несие алуға мүмкіндік бар ма?

- Иә, әбден болады.

-Теңгемен берілді ме?

- Иә,әрине.Теңгенің еркін айналымға жіберілуі күткендегідей біраз ауыртпашылықты жеңілдетті.

- Ішкі нарық жайын да ойламадыңыздар ма?

- Қазіргі жағдай көрсеткендей, біздер мұнан былай Маңғыстау мен Атырау облыстарын  етпен қамтамасыз ететін шығармыз.

- Ол аймақтарда баға жоғары ғой?

- Бағамен бірге ет те тапшы. Біздің өнімімізді  біледі.Нарыққа кіру шығыны да азырақ.

-Тасымалдау да оңай...

- Ел ішінде тасымалдан өзгелерден кем түспейміз. Астана мен Алматыдағы әріптестерімізбен бәсекелесе алмасақ та, есесіне батыс өңірдегі жетімсіздікті толтыра аламыз.

- Мүмкіндіктеріңіз қандай?

- Үлкен деп айтуға болады.Біздер тіпті,бұл бағытты қаламас едік.Қызметіміз тек сұранысқа ие экспортқа арналғандықтан сапасыз тауарларды тасымалдағаннан гөрі  ішкі нарықтан әлдеқайда қымбат бағаға қара уылдырықты сырт елдерге шығарып, көбірек табыс тапқан болар едік.

- Елдегі баға қаншадан?

- Келісіне 1000-1100 теңгенің айналасында.

- Сіздер сататын еттің құны ғой?

-Иә.

- Еттің келісі үш доллардың маңайында дейік.Онымен қоса логистикалық қоймаңыз бар...

-Үш доллардан дегенмен,мысалы, Ақтау қаласынан Мәскеу жақынырақ.

- Атырау қаласы ше?

- Атырау бар болғаны 300-400 шақырым дегенмен, біздің өнімімізді қабылдамайды. Атыраулықтар етті базардан алғанды қолайлы көреді. Онда алдымен малды көріп, сол орында сояды. Біздің өніміміз белгіленген стандарттарға бағынады.Ондай етке сұраныс аз.

- Ішкі нарыққа қанша тонна ет ұсынар едіңіздер?

- Егер елде  700-800 тонна ет сата алсақ жақсы болар еді. Экспортқа 1800-2000 тоннасын шығарсақ дейміз.

- Биылғы жылы ма?

- Биыл мұндай нәтижеге жетуіміз екіталай. Келесі қыркүйектен, келер жылғы қыркүйек арасын межелеп отырмыз. Жыл біздер үшін енді басталды.

- Өткен жылды қортындыласаңыз...

- Былтыр әлеуетіміздің 15-17 пайызын ғана пайдаландық.

- Жылына мың тонна ет қана. Бұл аз емес пе?

- Иә. Ірі қара арасындағы аурудың таралуынан уақытымыздың жартысын жоғалттық. Маркетинг пен сыртқы нарыққа шығуға бір жарым жылымызды арнадық. Бірде шығындандық, бірде сәл де болса табыс таптық. Дегенмен,өзге елдің нарқына орнығуымыз керек болды. Кімдермен жұмыс жасау қажеттігін ұқтық.Онда біздерді жақсы біледі. Бастысы өніміміздің сапалы болғандығында.

- Шағын нарықтың тәуекелі көп қой...

- Әрине. Барлығы бүгінгі жағдаймен байланысты.

- Сіздердің ішкі нарықты әртараптандырмай, Иран туралы айтудың өзі артық...

- Мұндай мөлшерде ет өндірмейміз.Әзірге ондай жоспарымыз жоқ. Болашақта өнімімізді көбейтсек, одан бұрын сұранысқа орай болмақшы.

- Сіздерде бордақылау алаңы,репродуктор пен ет комбинаты бар емес пе?

- Бізде репродуктор жоқ. Мал бордақылайтын орын мен қасапқана ғана.

- Қой етін қайда сатпақшысыздар?

- Қой етін түгелімен экспортқа шығармақшымыз.Негізгі тұтынушымыз Иран мен Қытай болмақ.Сұраныс жоғары, қазақ қойы етінің дәмді екендігіне көздері жеткен. Қазіргі ірі қараның жайы белгілі. Елімізде қой басы 17 миллион делінгенмен, келешекте менің ойымша 50 миллионға жеткізуге болады. Уақ мал еті өтімді екендігін көрсетті.

- Қой еті экспортының көлемі қанша болмақ?

- Жылына 5500 тоннаны көздеудеміз.Сегіз айлық бағлан еті әлемдік нарықта өтімді болып тұр.Тек стандартқа сай сойып, қаптамаға орау керек.

- Ол да маусымдық қой?

- Ия солай.Тамыздың бірінен бағландарды жаппай сойысқа жібереміз. Қойларды қорада ұстамаймыз.Сойыс малын дереу жайылымнан алдырамыз. Еттің сапалы болуы да далада жайылғандығында.   

 - Сатып алушылармен  шарт жасасып үлгердіңіздер ме?

- Біздер түрлі мүмкіндіктерді қарастырудамыз,енді бірімен келіссөздер жүргізудеміз.Өзімізге ыңғайлы жағын таңдаймыз.

- Экспортталатын  еттің көп мөлшері Иранға  тиесілі ме, әлде  Қытайға  ма?

-  Біздің қандай шешім қабылдайтынымызға тәуелді.Өткен рамазанда арабтармен келіссөз кезінде кідіріс болды.Олар бұл айда жұмысты доғарады. Менің ойымша, екі-үш аптада жеткізетін еттің мөлшері, бағасы мен бағыттын да белгілейміз.

- Тауарға қызығушылар қатары  көбейсе, өнім өндіруді де арттырар ма едіңіздер?

- Біздер бірнеше ауысымда жұмыс істеуге әзірміз.Қазіргі әңгімелеп отырғанымыз бір ауысымның шаруасы ғана.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу