KMGI: "Қазақстан өзінің Румыниядағы қаржы салымын қорғауда Халықаралық төрелік сотқа дейін бармақ"

10109

Румыниядағы қазақстандық активтерге не болды және аталған мәселеде нені күтуге болады. Осы және басқа да сұрақтарға KazMunayGas International N.V (KMGI) бас директорының орынбасары Азамат Жанғұлов abctv.kz сұхбаты барысында жауап берді.

KMGI: "Қазақстан өзінің Румыниядағы қаржы салымын қорғауда Халықаралық төрелік сотқа дейін бармақ"

Азамат Аспандиярұлы, Ромпетрол компаниясына қатысты Румыния үкіметінің қаржылық наразылығы бойынша іс қалайша өрбуде, түсіндіріп берсеңіз...

Осы жылдың мамыр айында Румыния прокуратурасы 14 жеке тұлғаға қатысты қылмыстық тергеу бойынша  KMGI компаниясына айып тақты. Румыния прокуратурасы материалдық наразылық сипаты негізінде KMGI компаниясының 2,1 млрд. доллар сомасындағы активтеріне тыйым салды. Үкіметтің мұндай айыптаулары  Rompetrol Rafinare компаниясының 2000 жылғы жекешелендіруіне, сонымен қатар 2003 жылы Румыния үкіметімен және мұның алдындағы менеджмент The Rompetrol Group болған кездегі арада жасалған облигациялардың тарихи берешегін қайта құру туралы  келісімге қатысты болып отыр. 2007 жылы KMG The Rompetrol Group N.V. компаниясының 75% акциясын сатып алған кезде мәмілені барлық деңгейде  Румынияда және Еуро одақта да мақұлданған еді.

KMG активтерді сатып алған кезде 1998-2003 жылдар кезеңіндегі  іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқандығы жайында ресми түрде  хабардар етілмеген. Сол себепті,  KMG өзін адал сатып алушы деп есептейді және бұрынғы актив иесінің әрекетіне қатысты қазіргі айыптауларды заңды тұрғыда дәлелдеу керек деп есептейді.

KazMunayGas және KazMunayGas International N.V компанияларының басшылары компанияны сатып алған кезден бастап  жүзеге асырылған өздерінің заңды қаржы салымдарын қорғау мақсатында жергілікті және халықаралық құқық барысында өздерінің заңды құқықтарын қолдануға ниетті. 

Осыған сәйкес 22 шілде күні компания Румыния үкіметі өкілдерінің атына Румыния және Қазақстан үкіметтері арасындағы келісім, Нидерленд әмірлігі және Румыния үкіметі арасындағы келісім  және энергетикалық хартия туралы шарт негізінде инвестициялық дау туралы хабарлама жіберді,

Егер жоғарыда көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін үш ай мен алты ай арасында шешім табылмайтын болса, онда компанияның басшылығы халықаралық төрелік сотқа шағымдануға құқығы бар.

Мұндай жағдайда  қытайлық China CEFC Energy Company Limited 51% үлесін KazMunayGas International N.V. (KMGI – бұдан бұрын The Rompetrol Group) сатып алуы бойынша  еуропалық рұқсат етуші органдар тарапынан мақұлдаулар қандай? Бұдан бұрын ол 2016 жылдың қазан айында аяқталуы керек деп хабарланған болатын. Уақыт аз қалды...

Бұдан бұрын хабарланғандай, мәміленің аяқталуы Румыния арнайы прокуратурасы тарапымен активтерге тыйым салумен қиындаған болатын. Қазіргі уақытта біз аталған тергеуге қатысты мәміле талаптары бойынша CEFC-пен келіссөздер жүргізудеміз.

Біз қазір біздің серіктестерімізден олардың мәміленің талаптары мен форматына қатысты ниеттерінің сақталуы туралы растауды алдық. Алайда, онда жаңа міндеттерді ескеру қажет.

Сонымен бірге, біз өзіміздің серіктестерімізбен стратегиялық серіктестікті қарастыратын инвестициялық бастамаларды және жаңа жобаларды іске асыру бойынша жұмысты әзірлеудеміз.

Мәмілені соңғы мақұлдаудан кейін румын активтерінде KMG-ның қатысу үлесі небәрі 49%-ды құрайды. Үлестерді заңды түрда бөлуде акциялардың бақылау пакеті қытайлық компанияның қолында болатынын білдіреді. Бұл маңызды шешімдер қабылдауда KMG-ның "соңғы сөз айту" құқығынан айырылатындығын білдіреді ме?

Серіктестер қатынасының негізі- бұл негізгі шешімдерді бірауыздан қабылдайтын акционерлердің келісімі. Осылайша, компанияның барлық маңызды шешімдері KMG назарынан тыс қалмайды.

Сонымен қатар, бизнестің бұл саласында CEFC KMG сараптамасына және бірлескен кәсіпорынға мұнайды жеткізуді ұйымдастыруда ұлттық компанияның қолдауына  сенеді. Құрылатын  серіктестік екі серіктестің мүддесіне әрекет етеді және соған сәйкес олардың құқықтары мен мүдделері толықтай ескерілетін болады.

Бұдан бұрын KMG басшысы Сауат Мыңбаев мәмілеге түсініктеме бере отырып, "ҚазМұнайГаз мықты инвестормен бірлікте бола отырып, KMG International (Rompetrol) компаниясын бизнесті дамыту үшін бірлескен платформа ретінде қолданып үлкен серпіліс жасай алады" деп айтқан еді.  Қандай серпіліс туралы әңгіме болып отыр, түсіндіріп жіберсеңіз. Өңдеу қуатын арттыру, ассортиментті кеңейту туралы ма немесе Балқандағы (әңгіме тек Румыния жайында болып отырған жоқ) ЖЖМ-ның ( ЖЖС желілерін кеңейту) бөлшектік нарығында үлесті арттыру туралы ма?

Жаңа серіктестік Еуропаның келешектегі нарықтарында KMGI топтарының активтері мен қызметі негізінде халықаралық деңгейдегі бірлескен, стартегиялық, ұзақ мерзімді  кәсіпорынды орнату мен дамытуға бағытталған. 

Біздің ең басты мақсатымыз- бұл Еуропадағы шикі мұнай және мұнай өнімдерінің сауда қызметін кеңейту.  Серіктестік KMGI негізінде болашақтағы бірлескен жобалар үшін, оның ішінде, еуропалық мұнайлы және газ сегменттерінде тартымды платформаны жасайды.

Болашақтағы жобалар дайындалатын негізгі облыстар: мұнай өңдеу, мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшектік саудасы, логистика мен инфрақұрылымды дамыту және компанияның негізгі бизнесіне қатысты т.б болып табалады. 

Бүгінгі күні Балқанның ЖЖМ бөлшектік нарығында OMV, Lukoil концернынан басқа  қандай мұнай компаниялары бар? Қытай компаниясына кіру олардың қайсысына бәсекелестік тудыруы мүмкін?

KMG Rompetrol тобын сатып алған уақыттан бастап мұнайды өңдеу қуаттарын қалпына келтіруге, логистикалық инфрақұрылымды дамыту және бөлшектік желіні кеңейтуге  айтарлықтай инвестицияларды салды, ал бұл компанияға Орталық Азия ресурстарын Еуропаның келешегі бар нарықтарымен байланыстырушы  "энергетикалық көпір" дәрежесін алуға мүмкіндік берді.

Енді қытайлық инвесторлармен бірге компанияның дамуының келесі кезеңін іске асыру бойынша керемет жоспар бар. Бұл Қара теңіз және Еуропа өңірінде қазақстандық шикі мұнай негізінде мұнай және мұнай өнімдері ағынының қатысуын кеңейту және нығайту.

Егер бәсекелестік туралы айтатын болсақ, онда біз бұл жерде өнімнің және қызмет көрсетудің  сапасы бойынша ең үздігіміз. Жаңа жобалар біздің бәсекелестік позициямызды күшейтеді деп үміттенеміз. Нәтижесінде еуропалық мұнай өнімдері нарығында көшбасшылардың бірі боламыз деп жоспарлап отырмыз.

Бұдан бұрынырақ БАҚ-та қытайлық компаниямен мәміленің  сомасы 500 миллион  АҚШ доллары деп көрсетілген еді. Бұл нақты сома ма?

Тараптар арасында құпия ақпаратты жарияламау туралы келісім бар, сол келісімнің бір тармағында мәміленің сомасы көрсетілген.

Украиналық ЖЖС нарығы бұрын KMGI кіруіне қызықты болатын, алайда, ол жақтағы саяси жағдай қиындау. Сонда да Украинамен ынтымақтастықтың келешегі жайлы қандай да бір түсініктеме бере аласыз ба? 

Украиналық нарық компания үшін қазақстандық шикі мұнай негізінде мұнай өнімдерін сатуда тартымды нарық болып табылады. Алайда, сіз дұрыс айттыңыз, қазіргі уақытта Украинадағы саяси жағдай тұрақсыз  болып тұр.

Сондықтан да қазіргі уақытта біз Украинада бизнесті дамытудың мүмкіндігін көрмей отырмыз. Біз ол жақтағы саяси ахуалды қарап бақылап отырмыз және келешекте аталған нарыққа қайтып келіп қана қоймай, сонымен бірге өзіміздің Petromidia МӨЗ-ден алынған  жоғары сапалы мұнай өнімдеріміздің жеткізу көлемін арттыра аламыз.

Қытайлық серіктестің келуімен KMGI стратегиясы өзгермейді ма? Бізді Petromidia МӨЗ жүктемесінің кестесі қызықтырады.  Егер өзгерістер болатын болса, онда қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Біз Petromidia МӨЗ жүктемесі кестесінің өзгеруін күтпейміз. Бірлескен серіктестік серіктестердің күшті жақтарын, мұнай жеткізілім бойынша KMG мен бизнесті дамытуды инвестициялауда CEFC мүмкіндіктерін қолданатын болады. КazMunayGas Қара теңіз жағасындағы Petromidia МӨЗ-дің стратегиялық жағдайынан пайда табуыни жалғастырадыжәне зауыттың қуатын толық жүктей отырып Қазақстаннан мұнайды жеткізе алады.

Күлпаш Қоңырова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу