ҚР-да киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету: жоғары оқу орындарының атқаратын рөлі

24067

Тек 2020 жылдың басынан бері ғана, ranking.kz мәліметі бойынша, Қазақстанда 8 мың кибершабуыл тіркелген.  

ҚР-да киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету: жоғары оқу орындарының атқаратын рөлі

Ғаламдық цифрландыру ғасырында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, сонымен қатар пайдаланушылардың сандық сауаттылығын арттыру мен ақпараттық қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қандай факторлар әсер етеді және жоғары деңгейлі мамандардың Қазақстанның IT-саласында көбеюі  үшін қандай әрекеттер жасалып жатқаны туралы Сәтбаев университеті Кибернетика және ақпараттық технологиялар институтының директоры Нұргүл Сейловамен сұхбатта сөз болады.  

Сіздің ойыңызша, киберқалқан идеясын сәтті түрде іске асыру жолында оның іргетасы ретінде нені айтуға болады?

Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) тек нақты адамдардың өмір сүру салтын өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ тұтастай қоғамның да өмірін өзгертуде. Ақпараттық қауіпсіздік – бұл ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланысты IT-саласы.

Киберқауіпсіздік тұжырымдамасында ("Қазақстанның киберқалқаны") және "Цифрлық Қазақстан-2020" бағдарламасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы оқу-зерттеу міндеттерін орындауға мамандандырылған Қазақстанның жоғары оқу орындарына маңызды роль бөлініп отыр.

Ақпараттық технологиялар мен ақпараттық әзірлемелер жасау саласы үнемі өзгеріп, дамып келеді,  осы жылдам өзгерістер мамандарды даярлау мен оқыту әдістеріне әсер ете ме?

Сәтбаев университетінің Кибернетика және ақпараттық технологиялар институты Қазақстан Республикасының IT-индустриясы үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жаңа білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлайды. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмыс берушілердің сұраныстарын, шетелдік жетекші білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын талдау нәтижелерін, есептеу техникасы жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (ACM) компьютерлік ғылымдар және киберқауіпсіздік саласындағы салалық біліктілік шеңберіне (СБШ) назар аудара отырып, сондай-ақ оқу бағдарламалары бойынша ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырылады. Жаңа білім беру бағдарламалары беделді емтиханнан өтіп, оң бағасын алды және білім беру бағдарламаларының бірыңғай тізіміне енгізілді.

Ақпараттық қауіпсіздік, инфокоммуникациялық технологиялар және инженерлік механика саласындағы мамандарды даярлауды жүзеге асыратын институт кафедраларында ақпараттық қауіпсіздік және оны қорғау саласында жоғары білікті техникалық кадрларды даярлауда үлкен тәжірибесі бар (ақпаратты криптографиялық қорғау, этикалық бұзушылықтар және әлеуметтік инженерия); жасанды интеллект; ақпараттық жүйелерді жобалау және құру; бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, мәліметтерді талдау және машиналық оқыту және инженерлік механика саласында мамандар даярлайды. Институт Қазақстан Республикасының жетекші ұйымдарымен ("ҰАТ" АҚ, "Қазтелепорт" АҚ, НПП АСКБ "Алатау" ЖШС, "Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы", Қазақстан Республикасының банктері, құқық қорғау органдары және т.б.), оның ішінде өндірістік практикадан өткізу мақсатында білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыс берушілердің заманауи талаптарын ескере отырып, ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды.

Институт Касперский зертханасымен, Positive Technologies, Фалконгейз, Cisco және басқа компаниялармен ынтымақтасады. Ынтымақтастық өз кезегінде студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жас мамандардың алдында қандай міндеттер тұр және отандық білім әлемдік стандарттар мен талаптарға қаншалықты сәйкес келеді?

Еңбек жолдарын енді ғана бастаған мамандар университет қабырғасында алған білімдерін ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызметтерінде қолдана және жетілдіре алуы керек, жеке және кәсіптік құзыреттерге ие болып, нарықта бәсекеге қабілетті болуы керек. Жыл сайын институт түлектері банктік және мемлекеттік құрылымдарға, корпорацияларға, құқық қорғау органдарына және институт ұзақ жылдар бойы кадрлар даярлауда ынтымақтастық қарым-қатынас жасап келе жатқан ұйымдарға жұмысқа орналасып, табысты еңбек етеді. Шетелдік жетекші университеттермен және ғылыми орталықтармен тығыз байланыс оқыту процесін халықаралық деңгейге көтереді.

Біздің серіктестеріміз: Кембридж университеті, Лотарингия университеті, Pennsylvania State University, National University of Singapore, National Tech Institute of Calicut,  University Putra Malaysia, Бельско-Бяла университеті (Польша), Ұлттық авиациялық университет (Украина, Киев), "Мәскеу электронды техника институты" ұлттық зерттеу университеті (Зеленоград, Ресей), Санкт-Петербург Ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика ғылыми-зерттеу университеті (Ресей, Санкт-Петербург), "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті (Мәскеу, Ресей), A.С.Попов атындағы Одесса ұлттық академиясы, Игорь Сикорский атындағы Киев политехникалық институты (Киев, Украина) және т.б.

Бүгінгі таңда қандай жетістіктермен мақтануға болады?

Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдістері, құралдары мен технологияларын жасау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді; жасанды интеллект саласында зерттеулер, үлкен деректерді талдау бойынша зерттеу жүргізеді.

Гранттық ғылыми жобалар жүзеге асырылуда: Уран және мұнай кен орындарын игеруді басқарудың және шешім қабылдаудың зияткерлік жүйесі; Бөлшектердің шекарадан айналық және диффузиялық шағылысуының табиғи жағдайында тақты жуықтаудағы Больцман моменттік теңдеулерінің стационарлық емес бір өлшемді жүйесі; Шифрлаудың блокты симметриялық алгоритмін жасау; Машиналар мен манипуляторлардың атқарушы механизмдерінің құрылымдық-параметрлік синтезі және т.б.

Зерттеу нәтижелері конференцияларда баяндалады, сондай-ақ жоғары импакт-факторы бар ресейлік және шетелдік журналдарда жарияланады, ол журналдар Scopus және Web of Science мәліметтер базасында индекстелген. Ғалымдардың әзірлемелері патенттеледі.

Ғалымдардың бір зерттеу жұмысы халықаралық патенттер базасына енді: Derwent Innovations Index (Web of Science, Clarivate Analytics): Aithozhayeva Y.Z., Tynymbayev S.T.  Method for forming element of finite fields in digital computing device, involves Performing subtraction process on Raman adder to form preset residue, and providing combinational circuits to compare residue values. Patent KZ 30983-A4. ID Derwent 2019-21474J. Code Derwent TO1. Патент ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселесіне – криптографиялық жүйелерді аппараттық түрде жүзеге асыруға арналған.

Институт оқытушыларының жетекшілігімен студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Студенттер өздерінің зерттеу нәтижелерімен Сәтбаев университетінің жыл сайынғы конференциясына (Сәтбаев оқулары), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін конкурстарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және көрші елдердің университеттері ұйымдастыратын конкурстарға, соның ішінде студенттердің ең жақсы ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болады. Шетелдің халықаралық конференцияларына қатысу арқылы институт студенттері өздерінің жоғары білімі мен біліктіліктерін көрсетіп, І дәрежелі дипломға ие болады.

Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы шетел университеттерінде (Кембридж университеті, Лотарингия университеті, Таллин технологиялық университеті және т.б.) біліктілігін арттырады, сонымен қатар әлемнің жетекші университеттерінде онлайн курстардан өтеді.

Сіз өндіріске немесе білім беру процесіне сәтті түрде енгізіліп, іске асырылған немесе жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде мысалдар келтіре аласыз ба?

Жыл сайын өзекті тақырыптар бойынша дипломдық жобалар қорғалып, олар кейін оқу процесіне және өндіріске енгізіледі. Бұл асимметриялық криптожүйелердің негізгі операциялық блоктарын талдаумен және дамытумен байланысты, сондай-ақ кванттық технологиялар негізінде ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін әзірлеу және зерттеу, акустикалық (сөйлеу) ақпараттарды қорғаудың техникалық құралдарын зерттеу, мәліметтерді талдау және машиналық оқыту және т.б. байланысты жұмыстар.

"Қазақстан-2050" Стратегиясында көрсетілген міндеттерді тиімді шешу жоғары кәсіби білімі бар, АКТ саласындағы мәселелерді шешуге және техникалық тұрғыдан елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлаудың мемлекеттік жүйесін құрмайынша мүмкін емес. Елдегі бірінші техникалық университет – Сәтбаев университеті Қазақстан үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласында техникалық кадрларды даярлау міндетін сәтті түрде жүзеге асыруда.

Сейлова Нұргүл

Сәтбаев университеті КжАТ институтының директоры


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу