Пашинян: Армения бұдан былай Ресейге қорғаныс мәселесінде сене алмайды

1641

Оның сөзінше, Ереван енді АҚШ-пен, Франциямен қауіпсіздік жөніндегі байланысты нығайтуды ойластыруы керек. Ал Путин мұндай өзгеріс Арменияның мүддесіне сай емес деп есептейді.

Пашинян: Армения бұдан былай Ресейге қорғаныс мәселесінде сене алмайды Фото: iravaban.net

Армения бұдан былай Ресейге өзінің негізгі қорғаныс әрі әскери серіктесі ретінде сене алмайды. Өйткені Мәскеу оны бірнеше рет ренжітті. Сондықтан Ереван АҚШ-пен және Франциямен тығыз қарым-қатынас орнату туралы ойлануы керек. Бұны жұма күні Премьер-Министр Никол Пашинян мәлімдеді.

Грузиямен, Әзербайжанмен, Иранмен, Түркиямен шектесетін бұрынғы кеңестік республика Армения ұзақ уақыттан бері үлкен держава одақтасы Ресейге сенім артып келеді және де оның астанасынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 90 шақырым жердегі Гюмриде Ресей армиясының әскери базасы мен басқа да нысандары орналасқан.

Бірақ 2018 жылы көшедегі наразылық акцияларын "революция" деп атап, сол шерушілердің екпінімен билікке келген бұрынғы журналист Пашинян Мәскеумен арадағы альянстың негізіне күмән келтіру арқылы Кремльдің шамына тиіп отыр.

"Біз шынымен кіммен әскери-техникалық және қорғаныстағы қарым-қатынасты сақтай алатынымызды түсінуіміз керек", - деді Пашинян Арменияның қоғамдық радиосына берген сұхбатында Армения қарулы күштерін реформалау туралы сұраққа жауап бере отырып.

"Бұрын бұл мәселе қарапайым еді. Өйткені мұндай сұрақ туындамады және тұжырымдама жасау қиын болған жоқ және де осыған дейін қорғаныс саласындағы қарым-қатынастарымыздың 95-97 пайызы Ресей Федерациясымен орнатылған еді. Енді объективті де, субъективті де себептерге байланысты бұлай болуы мүмкін емес", - деді тағы бір сөзінде Армения үкіметінің жетекшісі.

Сонымен қатар, Пашинян Арменияның АҚШ-пен, Франциямен, Үндістанмен, Грузиямен қандай қауіпсіздік байланысын орнататыны туралы ойлануы қажеттігін атап өтті.

Бұған қоса, Пашинян "Армения Ресей басқаратын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мүшесі болып қала беруі керек пе?" деген сұраққа жауап бере отырып, Арменияға ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы қажеттін және ол өз армиясын күшейтетінін айтып өтті.

1991 жылы Кеңес Одағы құлағаннан кейін Ресей постсоветтік және бір кездері Ресей империясына кірген елдерде Америка Құрама Штаттарының үстемдік етуге ұмтылысына тап болды.

Пашинянның айтуынша, өткен жылы Әзербайжан Таулы Қарабақ анклавын айбынды әскери операциямен бақылауға алғанда, Ресей Ереванға көмектеспей, оны жеңіліске ұшыратып, жергілікті этникалық армяндардың үдере көшуіне себеп болды.

Ресей болса, Қарабақтағы этникалық армян жауынгерлерінің жеңілуіне Пашинянның Оңтүстік Кавказдағы күрделі бәсекелестікке төтеп бере алмауы кінәлі деп санайды. Мәскеу Ереванға Батыстың Армения мен Ресей арасына сызат түсіруге тырысып жатқанын ескертті.

Әзербайжан болса, Францияны Арменияны қару-жарақпен қамтамасыз ету арқылы аймаққа жаңа соғыстың дәнін септі деп айыптап отыр. Баку Франциядан АҚШ та қалыспай тұрғанын мәлімдеді.

Айта кетсек, Пашинян өткен айда НАТО бас хатшысының Кавказ және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Хавьер Коломинамен ынтымақтастықты талқылады. Ал Президент Владимир Путин қаңтарда мәлімдегендей, Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы оның мүддесіне сәйкес келмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу