Премьер-министрдің үш тренді

Алексей Банцикин Алексей Банцикин
8882

"Атамекен" ҰКП-ның  III съезінде премьер-министр Кәрім Мәсімов болашақ жайында сөз қозғады. 

Премьер-министрдің үш тренді

Премьер-министр кәсіпкерлерге диалектика және экономиканың негізгі заңын еске сала отырып, өзінің Қазақстанның даму келешегін қалай көретінімен бөлісті.

Кәрім Мәсімов, ең бірінші, экономиканың қозғаушысы ретінде адамды ойлау керектігі туралы ұсыныс жасады.

"Қоғамдағы тұрақтылық, оның одан әрі қадам басуы, жұмыспен қамту мәселесіне негізделеді. Егер  адам жұмыс істеп, жалақы алатын болса, онда ол тұтынушылық қабілеті артып, сіздердің тауарларыңызды сатып алады",- деп еске салып өтті.

Оның айтуынша, күні бүгінге дейін жеке кәсіпкерлік секторындағы жұмыспен қамту мәселесі жүйесіз шешіліп келген.

"Біз мәселені тез шешеміз, уақытша жұмыс орнын жасаймыз да, нарықтағы жағдай өзгерген кезде бізде тағы да қиындықтар туындайды",- деді премьер.

Ол бизнесмендерге әлеуметтік мәселе, жұмыссыздықты, шешуге жақсы қарап, бұл жұмыста ауыл шаруашылық  потенциалын дамытуға баса назар аудару керектігін ұсынды.

"Біздің жағдайда ауыл шаруашылық- бұл біздің еліміз үшін ұтылмайтын бағыт. Біз сіздермен екі жыл бұрын азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтып, ақша бөлген болатынбыз, ал енді қазір кінәліні таппайсың. Министрлік мұнымен банктер айналысты дейді, ал банктер клиенттерді қайта несиелендіргенін айтады. Бірақ та өзгеріс болған жоқ. Біздің тауарлар өз ішімізде сұранысқа ие болуы үшін, халықтың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылуын қалай тиімді жасауға болады?",-деп сұрақ қойды Кәрім Мәсімов.

Премьер қайта тағайындалған ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметовке "Атамекен" ҰКП-мен бірлесе отырып еңбек өнімділігін арттыру және жұмыспен қамтуды кеңейту бойынша кешенді шаралар ойластыруға жеке тапсырма берді.

Кәрім Мәсімов еңбек ресурстарын жұмылдыруда Қазақстан дамыған елдерден қалып қойғанын еске сала кетті.

"Бұл жерде де нақты мәселелер бар, ол шикізат бағасының және мұнай бағасының түсуімен байланысты, бірақ та еңбек ресурстары жақсы дайындалған. Егер жұмыс орындары бір жерде жабылып  жатса да, басқа жерлерде ашылып жатыр, сондықтан адамдар өздерінің дайындығына қарай (басқа жұмысқа – автор. ескертп.) ауыса алады.  Ал бізде қалай? Тіпті қарапайым мысал келтіретін болсақ, адам базарда жұмыс істейтін болса, егер ол базар жабылатын болса, онда ол далада қалады және мүлдем басқа ортаға тап болады. Біз сіздермен жұмысшы мамандықтары кадрларын қайта дайындау және дайындау жүйесін қалай қайта ұйымдастыруға болатындығы жөнінде ойлануымыз қажет", - деп Кәрім Мәсімов міндетті белгіледі. 

Оның айтуынша, қазір үкімет жанындағы арнайы жұмыс тобы президенттің тапсырмасы бойынша жұмыспен қамту және кәсіби дайындық бойынша кешенді ұсыныс дайындауда.

Ол, сонымен қатар, бизнесмендерге өндірістің ішкі қажеттіліктерге бағдарлануы қажеттігін атап кетті. Әсіресе, дағдарыстық процестерді ішінара ықшамдау тәсілі ретінде, ең бірінші, қажет заттарды өндіру туралы еске салды. 

"Импорттық заттардың қажеттілігі өте жоғары. Сондықтан доллар курсының теңгеге қатысты  кез келген құбылуында дағдарыс тез өседі.Алайда, біз сіздермен ең бірінші қажет заттарды өзімізде шығара аламыз ғой? Бізде курс бәсекегеқабілетті, жұмыс күші бәсекегеқабілетті, ішкі нарық бар. Бұл жерде мәселе тек кәсіпкерлік тапқырлыққа, үкіметтің және жергілікті әкімдіктердің жұмысты ұйымдастыруына байланысты",- деп есептейді үкімет басшысы.

Сонымен қатар, премьер шикізат секторына да инвестициялық тартуларды арттыру қажеттілігі туралы айтып кетті.

"Біз қаласақ та, қаламасақ та, біз шикізаттың еліміз. Сол себепті, шикізат ресурстарына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту- бұл өте маңызды мәселе",- деп атап көрсетті Кәрім Мәсімов.

Бизнесмендер алдында сөз сөйлеген премьер -министр болашақ туралы сөз қозғады.

"Біз, сіздермен, алдағы он жылда дәстүрлі емес қорлардан алынатын электр энергиясының бағасы,  ең бірінші, күннен алынатын электр энергиясының бағасы көсмірсутектен алынатын электр энергия бағасымен деңгейлес немесе одан төмен болатынның куәсі боламыз",- деді премьер-министр.

Технологиялық дамудың басқаша жаңалығы "әрбір үй деңгейіндегі энергияға тәуелділік" деп есептейді премьер. Оның айтуынша, жарықтандару және тұрғын үйлерді жылыту тек батареялар арқылы болатын күн жақын.

"Бұл бізде 10 жылдан кейін болмайды, 15 немесе 20 жылдан кейін біздің экономикамыздың құрылымына байланысты болады",- деп атап көрсетті премьер.

Машина жасау- автокөлік шығару секторы үлкен өзгерістерді басынан өткереді.

"Біз қалаймыз ба, жоқ па, алайда автокөлік басқа болады. Қазір бір елдің артынан екіншісі-Норвегия, Германия және басқалары дизельдік автокөліктен бас таруға шешім қабылдап, батареямен жүретін автокөліктерге ауысып жатыр,- деп атап кетті.- Мұның барлығы жылдам болатын нәрсе. Қазір бұл алыс сияқты болғанымен, 10-15 жыл тез өте шығады"

Алексей Банцикин

 

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу