"Алау" ашық біріншілігі аяқталды

2306

Екі күнге созылған "Алау" ашық біріншілігі өз мәресіне жетіп жеңімпаздар анықталды. 

"Алау" ашық біріншілігі аяқталды

Ашудан көзіне жас алып, ешкіммен сөйлескісі келмейтін баланы көргенде чемпиондық атақты соған бере салғың-ақ келеді екен. Әттең 1-орын біреу ғана, әйтпегенде басқа орындарды жоқ қылып, бәріне теңдей бөліп беруге болушы еді. Амал қанша, бұл спорт, сондықтан жеңімпаз біреу ғана. Ештеңе жоқ "жеңілгенді жер көтереді. Бүгін жеңілсең, ертең сенің де жеңісті тойлайтын күнің келеді. Сол үшін қаймықпай жаттығып, шыңдала түсу керек дегіміз келеді.

Астанадағы "Алау" мұз айдынында өткен коньки тебуден жарыста осындай сәттер көптеп кездесті. Бірнеше баланың мақсатына жете алмай, жылағанын көрдік. Кейбірін жұбатуға тырысып едік, бірақ қолды бір сілтеп қасына да жолатпады. Намыстан өртеніп бара жатқанын көргенде, "Әй осы баладан бір нәрсе шығады-ау!", – деп өзіңді жұбатасың.

Дегенмен сол балалардың бірінің көңілін тауып, жұбатқандай болдық. Ашуланып тұрып біздің қойған сұрақтарға батырларша жауаптар қайырды. Ол осы жарыста 300 метрлік қашықтықта 3-орын алған 12 жасар Азамат Сатқожа:

Тілші: Азамат неге көңілсізсің, үшінші орын да жақсы емес пе?

Азамат: жоқ жақсы емес!

Тілші: Бұрын ылғи бірінші келуші ме едің?

Азамат: Жоқ, бірақ анау бүгін менен озып кетті

Тілші: Кім ол анау дегенің?

Азамат: Анау Ваня ғой (Ваня дегені Иван Лукашов – 2-орын иегері)

Тілші: Ештеңе етпейді, келесі жолы сен жеңесің!

Азамат: Иә! деп танауын тартып, күрсінді.

Бұдан соң Азамат аздап тынышталғандай болды, екеуміз орындыққа барып жайғасып, әңгімемізді жалғастырдық.

- Бұл спортқа қалай келдің?

- Мен бұл спортпен 8 жасымнан бастап айналысамын, қазір 12-демін, Астанадағы №48 орта мектепте 7 сыныпта оқимын. Бұл жерге мені алағаш рет анам алып келген болатын, өйткені бір досым осы коньки тебуге баратын, сол айтты. Мен оған қызығып анамнан "Алауға" апаруын сұрадым, содан бері үздіксіз жаттығып жүрмін. Қазір менің "Бірінші жасөспірімдер разрядым" бар, жаттықтырушым Динара Ахмедияқызы. Болашақта чемпион болғым келеді. Маған ресейлік конькиші Павел Кулижников ұнайды, өйткені ол әлемдегі рекорд қойған мықты спортшылардың бірі саналады және Қазақстан спортшыларынан Дмитрий Бабенко мен Денис Кузин, Екатерина Айдова, Роман Креч, Александр Жигин сияқты әлемдік жарыстарға қатысқым келеді.

Турнирдің бас төрешісі және Астана қаласының бас жаттықтырушысы Татьяна Михалеваны да жарыс алдында сөзге тартқан болатынбыз, бірақ оның қолы босамай, турнирдің өту барысымен қысқаша ғана таныстырды.

"Мен өз атымнан барлық жас споршыны және олардың ата-аналарын бүгінгі ашық біріншіліктің басталуымен құттықтаймын! Осы біріншілікке тұңғыш рет қатысып отырған балалар бар. Бұл күн, ең алдымен, солардың ата-аналары үшін – есте қаларлық тарихи оқиға. Олар баласының әрбір жасаған қадамын, жетістігін қадағалап отырады, біз де олармен бірге қуанамыз. Бұл ашық біріншілік болған соң, бүгін бізбен бірге Петропавл қаласының конькишілері де жарыс жолына шығу мүмкіндігіне ие болып отыр. Өйткені "Алау" спорт кешенінің мұз айдыны әлемдік стандартқа сай жаңа құрылғылармен жабдықталған заманауи ғимараттардың бірі. Сол себепті өздеріңізге белгілі, біздің айдында Әлем кубоктары сарапқа салынып жүргені соның бір дәлелі. Ал осындай жерде жарысып көру – әр баланың арманы. Бүгін-ертең осы балалардың арасынан үздіктерді анықтаймыз. Ашық біріншілік болғандықтан, жарысқа қатысушылардың жеңімпаз атануына мүмкіндігі жоғары болсын деген ниетпен жас ерекшелігіне қарай топ-топқа бөлдік. Бірақ бұл бір ғана қашықтықта жүгіріп, жеңімпаз болады деген сөз емес, өйткені бұл – көпсайыс. Әр топтың өз қашықтығы белгіленген, сол 4 тәртіп бойынша уақыттары есепке алынып, тиісінше көп ұпай жинағандары ғана 2-3 ақпан күндері Қостанайда өтетін командалық бәсекеге баруға жолдама алады", – дейді Татьяна Михалева.

Біріншіліктің чемпионы атағын иеленген Петропавл спортшысы 16 жастағы Вячеслав Зарецкий жарыстан кейін берген сұхбатында: "Біз Қызылжардан Астанаға 15 адамдай келдік, өз басым осы жарысқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Өкінішке қарай менің тобымдағы Артур Галиев сияқты кейбір мықты бәсекелестерім бүгін жарысқа қатыспады. Олар спринттен Алматыда өтіп жатқан Қазақстан біріншілігіне кетті. Сол себепті бүгін менде екі ғана мықты қарсылас болды, олар жерлесім Илья Рысев пен астаналық Леонид Казанцев. Казанцевтің дәрежесі менен төмендеу, ол 1-разрядты спортшы, ал Рысевтікі керісінше менен жоғары. Илья – спорт шебері, ал мен спорт шеберлігіне үміткер саналамын. Дегенмен бүгін менің бағым жанды, барлық 4 қашықтықта да (500 м, 1000, 1500 м, 3000 м) бірінші келіп, чемпион атандым. Коньки тебуді 9 жасымнан үйреніп келемін, осы спортқа 3 сыныпта оқып жүргенде сыныптас досым ертіп әкелген болатын. Содан бері осы спортқа ғашықпын, конькимен жарыс жолына шыққандағы жылдамдықты сөзбен айтып жеткізе алмаймын, адреналин шектен шығады, керемет! Жылдамдығыңды үдете түскен сайын ләззат аласың", – деп, мәз болып сырғанай жөнелді.

Біз Славаны және жарысқа қатысып, өз еңбектерімен жеңіске жеткен барлық қыз-жігітті құттықтаймыз. Болашақта жұлдыздарыңыз жарқырай түссін!

Назарларыңызға әр топтың көрсеткен нәтижесін ұсынамыз:

Қыздар көпсайысы 100-300+500 метрлік қашықтық

орын

 спортшы

аймақ

орын

орын

орын

 1

Жұмабай Аружан

Астана

1

1

1

 2

Рахимжанова Амина

Астана

2

2

2

 3

Ильясова Томирис

Астана

5

3

3

 4

Бақтылаева Ақбота

Астана

3

4

4

 

Ұлдар көпсайысы 100-300+500 метрлік қашықтық

орын

 спортшы

аймақ

орын

орын

орын

 1

Төлеген Жәңгір

Астана

1

1

1

 2

Мирас Әбілдин

Астана

2

2

3

 3

Дүйсенбек Санжар

Астана

3

3

2

 4

Қайырғазы Аблайхан

Астана

6

4

4

 

Қыздар көпсайысы, орта жас: 500+1500+1000 метрлік қашықтық

орын

 спортшы

аймақ

орын

орын

орын

 1

Нұрсейіт Ардақ

Астана

3

1

1

 2

Середа Татьяна

Астана

1

3

3

 3

Райхан Нұрай

Астана

2

2

2

 4

Адаменко Александра

Астана

4

4

5

 

Қыздар көпсайысы, орта жас: 300+700+500+1000 метрлік қашықтық

орын

 спортшы

аймақ

орын

орын

орын

орын

 1

Дарья Гаврилова

Астана

1

1

1

1

 2

Еңлік Жәрдембек

Астана

3

2

3

2

 3

Дауранова Алина

Алматы

2

3

4

3

 4

Көпенова Әсем

Астана

4

4

7

8

 

Ұлдар көпсайысы: 300+700+500+1000 метрлік қашықтық

орын

 спортшы

аймақ

орын

орын

орын

орын

 1

Ақжол Нұралы

Астана

1

1

1

1

 2

Лукашов Иван

Астана

2

2

2

2

 3

Игенбай Дәулет

Астана

4

3

3

3

 4

Сатқожа Азамат

Астана

3

4

5

4

 

Қыздар көпсайысы, орта жас: 500+1500+1000+3000 метрлік қашықтық

орын

 спортшы

аймақ

орын

орын

орын

орын

 1

Сағатов Бағдәулет

Астана

6

1

1

1

 2

Алексеев Дмитрий

Астана

5

2

3

2

 3

Мүсілімханов Тимур

Астана

4

3

7

3

 4

Әмірхан Бейбарыс

Астана

2

5

2

4

 6

Тасмағамбетов Ибрагим

Астана

1

6

6

7

 

Жігіттер көпсайысы: 500+1500+1000+3000 метрлік қашықтық

орын

 спортшы

аймақ

орын

орын

орын

орын

 1

Зарецкий Вячеслав

Петропавл

1

1

1

1

 2

Рысев Илья

Петропавл

2

2

2

2

 3

Казанцев Леонид

Астана

3

4

3

4

 4

Тихов Кирилл

Астана

5

5

4

3

 5

Хасенов Ермек

Астана

7

7

5

7

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу