"Павлодар" АЭА-да алюминий дискілері өндіріледі

2784

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ресейлік К&К компаниясынан шығатын дискіні ең бірінші болып өз көлігіне орнататынын айтты. 

"Павлодар" АЭА-да алюминий дискілері өндіріледі

Болашақта іске қосылатын кәсіпорынның  арнайы экономикалық аймақ аумағында инфрақұрлымы жоқтығына қарамастан, ресейлік "К&К" компаниясының бас директоры Сергей Куклин осы жылдың соңына дейін алғашқы өнімді шығаруға үмітті. Ол  АЭА-та қоспалы алюминий шығаратын ресейлік Giessenhaus ЖШС  инвесторының көмегімен өндірісті жылдамдатып іске қоспақшы. Әкімдікте өткен жиналыста Сергей Куклин: "Жұмысты осы жылы бастау үшін Giessenhaus компаниясы өз алаңдарында  жұмыс істеуді ұсынып отыр. Ол жерге алты құю машинасын орналастыруға болады. Келешекте оны жапсарлас салатын құрылысқа қолданып, ол жерге сегіз машина орналастыруға болады. Осылайша 14 құю машинасы жылына 1 млн  200 мың дөңгелек дискісін  шығарады. Тамыз-қыркүйек айында жабдықтарды кіргізуге дайынбыз", – деді.

"К&К" ААҚ –  Ресейдегі қысым жасау арқылы құю технологиясын қолданып жеңіл балқытылатын дөңгелек дискілерін шығаратын ең ірі зауыт

Сергей Куклиннің айтуынша, кәсіпорынның Павлодардың алаңын таңдауы тегін емес. "Біздің кәсіпорынның негізгі базасы Красноярск қаласындағы алюминий зауытының жанында орналасқан. Үш жыл бұрын Тольятти қаласында өндірістік алаңды сатып алдық. Біз қазір жылына екі миллион диск шығарамыз, осыны бірте-бірте жеті миллионға дейін өсіреміз ба деген ойымыз бар. Бұл жоспарымызды қазір жұмыс істеп тұрған алаңдарымызда іске асырамыз деп ойлағанбыз, алайда "Павлодар" АЭА-ның ұсынған шарттарымен таныса келе, осы жер дұрыс деп шештік. Қазірдің өзінде сұйық қорытпаларды қолдана отырып дискі жасау технологиясын пайдаланып отырмыз. Бұл жерде Giessenhaus кәсіпорыны қорытпа дайындайды, біз солардың дайын өнімін пайланып жұмыс істейтін боламыз. Бұл біздің даму тұжырымдамамызға сәйкес келеді", – деді ол.

Жоспар бойынша бірінші кезеңде механикалық құйма дискілерді жөндеу қарастырылады, ал бекіту тесіктерін бұрғылау, бояу Ресейде жасалады. Алдағы уақытта толығымен дайын өнімдерді шығаруға қатысты өндірісті кеңейту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Кәсіпорынның жылдық қуаты жайлы мәселе сөз болған кезде облыс әкімі Болат Бақауов бірден миллион дана шығаруды ұсынды. "АЭА-да шығарылған алғашқы дискіні өз көлігімен орнатамын, – деді өңір басшысы. – Инвесторлар жылына 600 мың дискі шығаратын болып келісті. "Павлодар" АЭА-та қуатты алаң құрмақшымыз, сондықтан арнайы экономикалық аймақта орналасқан зауыттарды шикізатпен қамтамасыз етіп, олардың дайын өнімін өткізетін нарықты іздейміз. Егер сіздердің шығаратын дискілеріңіз бәсекеге қабілетті болатын болса, онда ел ішінде дискілерді сатып алудың механизімін қарастыратын боламыз".

Арнайы экономикалық аймақтағы алюминийге қатысты жобалардың барлығы "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ-сыз алға баспайтын айтып кеткен жөн. ERG компаниясының өкілі атап кеткендей, Giessenhaus компаниясымен ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. Осының нәтижесінде ERG компаниясы осы жылы шамамен 7000 тонна, 2018 жылы 21000 тонна сұйық алюминий жеткізуі керек.

"Павлодар" АЭА компаниясының төрағасы Александр Зореевтың  abctv.kz порталына хабарлауынша, тіркеуге арналған құжаттар тамыз айының соңына дейін ұсынылады. 20 млн еуро инвестиция салынады.

Гүлназ Ермағанбетова, Марина Попова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу