Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы  

13952
Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы

Нұрлан Әбдіров 1961 жылғы 12 қаңтарда туған.  

Білім:

ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасын (Мәскеу қ.), Дж.Маршалл ат. Қауіпсіздік мәселелерін зерделеу жөніндегі Еуропалық орталықта басшылық құрамның 4 айлық курстарын (Германия) бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолы:

1982 жылдың қыркүйегінен 1997 жылдың маусымына дейін ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызмет атқарды.

1997 жылғы маусымнан 2000 жылғы мамырға дейін — Қазақстан Республикасының Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы.

2000 жылғы мамырдан 2002 жылғы қыркүйекке дейін — Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары.

2002 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы маусымға дейін — Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының мемлекеттік инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2005 жылғы маусымнан 2009 жылғы қыркүйекке дейін — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі.

2009 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы тамызға дейін — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші, бесінші, алтыншы сайланымдарының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

2020 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

2020 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары болып сайланды.

2021 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім комиссиясының төрағасы

2022 жылғы 25 қаңтардан бастап  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы.

Мемлекеттік наградалары:

"Парасат", "Құрмет" ордендерімен, ТМД ПАА-ның "Содружество" орденімен, медальдармен марапатталған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу