Ахметов Сәбит Мейрамұлы

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарма төрағасы 

10214
Ахметов Сәбит Мейрамұлы

Сәбит Ахметов 1979 жылы 22 қаңтарда дүниеге келген.

Білімі:

2000 жылы Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2021 жылы Рим Тор Вергата университетін "International Master in Public Procurement Management" бағдарламасы бойынша магистр дәрежесімен бітірді.

Еңбек өтілі:

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бастығы, Заң қызметі департаментінің директоры, квазимемлекеттік сектор және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі және Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Ішкі әкімшілік департаменті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы және квазимемлекеттік сектордың сатып алулар департаментінің директоры.

2023 жылдың 9 наурызында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу