Айдарбеков Серік Кенғанұлы

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары 

4452
Айдарбеков Серік Кенғанұлы

Серік Айдарбеков  1975 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1996 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

1998 ж. – Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде магистратурада оқыған.

1999 ж. – Э.Маттей атындағы жоғары мектепті (Милан қаласы, Италия),

2004 ж. – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық-техникалық университетін «тау-кен инженері-мұнайшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

1996-1997 жж. - Қазақстан Республикасы мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі инвестициялық саясат департаментінің жетекші маманы.

1997-1999 жж - «Қазақойл» ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің талдаушысы, аға талдаушысы. «Қазақойл» ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы жобаларды басқару бөлімінің аға талдаушысы.

1999-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өнеркәсіп және инфрақұрылым бөлімінің кеңесшісі.

2002-2003 жж.- «Agip KCO» компаниясының қазақстандық қамтуды дамыту департаментінің мемлекеттік органдарымен байланысты қолдау және үйлестіру жөніндегі кеңесші (Гаага, Нидерланды; Лондон).

2003-2004 жж. - «Agip KCO» компаниясының қазақстандық мазмұнын дамыту департаментінің пилоттық бағдарламасындағы қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі менеджер (Гаага, Нидерланды; Лондон).

2004-2006 жж. - «KEР» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры.

2005-2006 жж. - «ПауэрКомм» ЖШС бас директоры.

2006-2007 - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг »акционерлік қоғамының мұнай-газ активтерін басқару тобының бас сарапшысы.

2007-2008 жж - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2008-2010 жж - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриалды-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2010-2012 жж. - Атырау облысы әкімінің орынбасары.

2012-2014жж. - Атырау қаласының әкімі.

2014-2016 жж. - Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2017-2020жж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының жетекшісі.

2020 жылғы 27 қазаннан бастап - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Мемлекеттік наградалары:

«Құрмет» ордені.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу