Ақмарал Әлназарова

Денсаулық сақтау министрі  

642
Ақмарал Әлназарова Фото: parlam.kz

Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы

Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

  • 16.02.1971 Қызылорда қаласында туған.
  • Алматы мемлекеттік медицина институты (1994)
  • «Педиатрия» мамандығы»
  • Қорқыт Университеті (2006)
  • «Экономист» мамандығы Экономика бакалавры
  • Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті
  • Ұйымдастырушы-жоғары санатты гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • Медицина ғылымдарының докторы (2010)

Еңбек өтілі:

  • Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері;
  • Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999);
  • Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);
  • Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003);
  • Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004);
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007);
  • Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013);
  • Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014);
  • Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015);
  • Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019);
  • «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020)
  • Сайланбалы қызметтері, депутаттық:
  • Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды;

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Кандидат (06.2020);

Партияға қатыстылығы:

«Аманат» партиясының мүшесі (2007 жылдан бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • «Парасат» ордені;
  • «Құрмет» ордені;
  • Медалдері: «Шапағат», «Астанаға - 10 жыл»;
  • «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
  • «Nur Otan» партиясы Қызылорда филиалы төрағасының Алғыс хаты (06.2020)
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу