Алпысбаев Қанат Қалиұлы

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы

7158
Алпысбаев Қанат Қалиұлы

Қанат Алпысбаев  1972 жылы 31 наурызда дүниеге келген. родился 31 марта 1972 года.

Білімі:

1994 ж. - Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша бітірген.   

1998 ж. - Кентукки университетін (АҚШ) «іскери әкімшілдендіру» мамандығы бойынша бітірген.  

2007 ж. - Мәскеу Халықаралық Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Еңбек жолы:

1992-2002 жж. -  Тың темір жолы кәсіпорындарында, "Қазақстан темір жолы" РМК, түрлі бағыттағы акционерлік қоғамдарда жұмыс істеді.

2002-2003 жж. -  «Эйр Астана» ЖАҚ қаржы және басқару жөніндегі директоры, қаржы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті

2003-2005 жж. - «Dala Group» жабық акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары, «Интранском» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары.

2005-2008 жж. - «Дженерал Электрик Интернэшнл Инк»  корпорациясының Қазақстандағы филиалының бизнесті дамыту жөніндегі директоры 

2008-2013 жж. - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі Вице - президенті

2013-2014 жж. - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның  логистика жөніндегі Вице-президенті.

2014-2016 жж. - «Қазақстан темір жолы» АҚ вице-президенті. «ҚТЖ» ҰК »АҚ операциялық қызметті үйлестіру жөніндегі президенті.

2016-2018 жж. - «ҚТЖ» ҰК »АҚ президенті – басқарма төрағасы.

2018-2020 жж. - «Самұрық-Қазына» АҚ көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың 25 шілдесінен - «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы.

Мемлекеттік наградалары:

«Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі; «Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл» төс белгісі,  «Қазақстан темір жолына 110 жыл» естелік белгі; «За вклад в развитие ОСЖД»  мерейтойлық құрмет дипломы.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу