Алтай Сембекұлы Әлі

Қазақстан Республикасы ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы

803
Алтай Сембекұлы Әлі Фото: gov.kz

Алтай Әлі 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі:

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2005 жылы «Рахат Палас Отель» қонақ үйінде байланыс орталығының қызметкері болып бастаған.

2010-2011 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері.

2014-2015 жылдары – Астана қалалық сотының бас маманы.

2015-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді.

2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, көмекшісі болды.

2018-2019 жылдары – Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі.

2019-2020 жылдары – Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы 31 мамырда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу