Баспаев Ернар Жеңісұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі 

7254
Баспаев Ернар Жеңісұлы

Баспаев Ернар Жеңісұлы 1979 жылы туған.

Білімі: 

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек өтілі: 

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің жетекші маманы болып бастаған.

2002-2006 жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары;

2006-2010 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің басқарма бастығы, Жоғарғы Сот аппаратының сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары;

2010 жылы Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің жетекшісі;

2013-2019 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы;

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2022 жылғы 13 сәуір – 2022 жылғы 9 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылғы 9 желтоқсан - 2023 жылғы 1 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2023 жылғы 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу