Бекежан Искандарұлы Жакеев
Қазпоштаның жаңа басшысы тағайындалды.

82 11.06.25, 11:11
Бекежан Искандарұлы Жакеев «Әділет» Жоғары құқық мектебі жанындағы Заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Астана қаласындағы Еуразиялық гуманитарлық институтты «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Бұған дейін ол «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетейік, «Қазпоштаның» бұған дейінгі басшысы Әсел Жанасова Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын. Ол акционерлік қоғамды екі жарым жылдан астам уақыт басқарған еді.