Бектенов Олжас Абайұлы
ҚР Премьер-министрі
353 31.08.26, 14:26
Олжас Бектенов қайтадан Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 28 тамызда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов үкіметін отставкаға жіберген еді. Енді араға 3 күн салып ол Премьер-министр қызметін қайта жалғастырмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олжас Абайұлы Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы – заңгер.
ІІ дәрежелі «Айбын» (2014 ж.) және «Даңқ» (2021 ж.) ордендерімен наградталған.
2002-2005 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.
2005-2006 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2006-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылғы 3 сәуірден бастап ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.
2024 жылғы 6 ақпанда Олжас Бектенов елдің жаңа Премьер-министрі болып тағайындады.
2026 жылғы 28 тамыздағы 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының тұңғыш сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов үкіметін отставкаға жіберді де, келесі үкіметтің тағайындалмайынша оны уақытша міндетін атқарушы қылды.
Ал 2026 жылдың 31 тамызында ол қайтадан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып қайта тағайындалды.