Дәленов Руслан Ерболатұлы

Қазақстан Республикасы экс-ұлттық экономика министрі  

24965
Дәленов Руслан Ерболатұлы

Руслан Дәленов 1975 жылы 8 ақпанда Целиноград (Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген. 

Білімі:

1999 ж. – Стамбулдағы Мармара университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін меңгерген. 

Еңбек жолы:

1999-2002 жж. – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер министрлігінің мұнай, газ және энергетика бөлімінің басшысы, кірістерді талдау және болжау департаментінің басшысы.

2002-2003 жж. – қаржы министрлігі кірістер, конвенция және келісімшарт департаменті ағымдағы кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

2003 ж. –  қаржы министрлігі салық комитеті кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасының басшысы.

2005-2008 жж. – «Инвестициялар тиімділігін зерттеу агенттігі» ЖШС экономикалық тобының жетекшісі, жекеменшік компания директоры.

2008 жылдың 11 наурызынан – 2017 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі.

2017 жылдың сәуірі – 2019 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі.  

Басқа қызметтері:

2008 жылдың 28 қарашасынан – Қазақстан Республикасының басқарушы кеңестердегі өкілдіктері басқарушысының орынбасары.

2008 жылдың маусымынан – «Өркен» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2008 жылдың 15 маусымынан – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2010 жылдың маусымынан – «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2012 жылдың маусымынан – «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2019 жылдың 29 сәуірінен – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттік наградалары: медальдары: «Ерен еңбегі үшін», «Қаржы қызметінің үздігі», ІІ дәрежелі "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін"

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу