Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев

Үкімет қаулысымен Ербол Тұяқбаев – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды.  

74
Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев

Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

2013–2018 жылдары – ҚР БҒМ Ғылым комитетінде сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы.

2019–2020 жылдары – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ БАҚ, «Astana» ӘКК» акционерлік қоғамында қызмет етті.

2020–2023 жылдары – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы, Инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, сондай-ақ Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу