Еркінбаев Ержан Мәлікұлы

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

39530
Еркінбаев Ержан Мәлікұлы

Ержан Еркінбаев 1982 жылы 7 маусымда Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. 

Білімі:

2002 ж. -  Қазақ мемлекеттік заң академиясы ,

2005 ж. – Алматы экономикалық университетін «Банк ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2002-2003 жж. - Capital Partners компаниялар тобының заң бөлімінде заңгер. Capital Partners компаниясында Ақтау және Атырау қалаларындағы халықаралық қонақүйлер кешендерін дамыту жөніндегі жобалар жетекшісі.

2003-2005 жж. - Mariott Aktau Hotel, Mariott Atyrau Hotel, Mariott Executive Apartments Atyrau қонақүйлер кешендерін іске қосу жөніндегі жобалардың жетекшісі.

2005-2009 жж. - Capital Partners компаниясының жобаларды дамыту жөніндегі бөлімнің директоры.  Capital Partners компаниясының басқарушы директоры, білім беру саласындағы халықаралық жобалар департаментінің жетекшісі. 

2009-2013 жж. – «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры.

2013-2016 жж. -  «Медеу» спорт кешенінің бас директоры.  

2016-2019 жж. -  Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры.

2019 жылдың 28 қазынынан бастап – Kazakh Tourism ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.  

Басқа да қызметтері:

Haileybury UK халықаралық британиялық мектептерінің тәуелсіз директоры.

Алматы қалалық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу