Ержан Нұрланұлы Жиенбаев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

12952
Ержан Нұрланұлы Жиенбаев

Ержан Нұрланұлы Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002 жылы «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша, 2018 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РХШжМҚА) «Executive MBA» бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде бастаған.

2005-2012 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеп, Заң бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі және бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2012-2013 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2013 жылдан 2019 жылғы шілдеге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2019 жылғы шілде мен қазан аралығында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болды.

2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Ержан Жиенбаев «Құрмет» (2016) және «Парасат» (2021) ордендерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен (2020), Құрмет грамотасымен (2021) марапатталған. Сондай-ақ, 7 мерейтойлық медальдің иегері.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу