Қанат Қобыландыұлы Тумыш

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

215
Қанат Қобыландыұлы Тумыш Фото: news.myseldon.com

Қанат Қобыландыұлы 1975 жылы 7 қарашада Ақтөбе қаласында туған.

Білімі:

1993-1997 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар бакалавры

1997-1999 жж – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар магистрі дәрежесімен бітірген.

Еңбек өтілі:

1997-1998 жж. – ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқармасында референт, атташе.

1998-1999 жж. – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы.

1999-2001 жж. – ҚР Түркиядағы Консулдығында вице-консул.

2001 – 2003 жж. – ҚР Түркиядағы Консулдығында Елшінің көмекшісі, баспасөз хатшысы.

2003 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы.

2003-2005 жж. – ҚР Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі Елшілігінің консулдық бөлімнің меңгерушісі.

2005-2006 жж. – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы.

2006-2007 жж. – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азиялық ынтымақтастық басқармасынде кеңесші, бөлім басшысы.

2007-2009 жж. – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің Азиядағы қауіпсіздік басқармасының басшысы.

2009-2010 жж. – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.

2010-2014 жж. – «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі» халықаралық ұйымы Атқарушы директорының орынбасары.

2014-2015 жж. – ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2015-2016 жж. – ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінде кеңесші-уәкіл.

2016-2019 жж. – ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілінің орынбасары.

2019 жылғы шілдеден бері Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

2023 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2024 жылы Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу