Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров

Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

564
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Фото: gov.kz

Қаныш Асанханұлы 1977 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылында дүниеге келген. ҚР Қарулы күштері Әскери академиясын және Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде десанттық-шабуылдау батальоны барлау ротасы барлау тобының командирінен Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығына дейінгі жолдан өтті.

Штаб бастығы - 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары, 22750, 25744, 61993 әскери бөлімдерінің командирі қызметін атқарды.

Әр жылдары Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы, штаб бастығы – Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін генерал-майор Қаныш Әбубәкіров Бас штаб бастығы - Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

II дәрежелі "Айбын", II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу