Құлыбаев Тимур Асқарұлы

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-Төралқа Төрағасы 

34730
Құлыбаев Тимур Асқарұлы

1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1983 ж - Республикалық физика-математика мектебінің түлегі.

1988 ж - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша тәмамдаған, мамандығы – «экономист».

1999 жылы «Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі мысалында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған, экономика ғылымдарының кандидаты.

Бірқатар ғылыми еңбектері бар.

Еңбек жолы:

1988-1990 жж. – ҚазССР Мемлекеттік жоспарға қарасты Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институты (ҒЗЭЖНИ).

1990-1992 жж. – Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамуы жөніндегі ғылыми-кеңестік орталықтың директоры.

1992-1995 жж. – «Алтын-Алма» концернінің жетекшісі.

1995-1997 жж. – Алматы сауда-қаржы банкі несиелік комитетінің мүшесі, бақылаушы кеңесінің төрағасы.

1997 ж. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының жетекшісі (төраға орынбасарының құқығында).

1997-1999 жж. – «ҚазақОйл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ экономика және қаржы істері жөніндегі вице-президенті.

1999-2001 жж. – «ҚазТрансОйл» Мұнайды тасымалдау жөніндегі ұлттық компания» ЖАҚ президенті.

2001-2002 жж. – «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Бас директоры. («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған).

2002-2005 жж. – «ҚазақОйл» ҰК» ЖАҚ пен «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ бірігуінен пайда болған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті.

2005-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.

2006-2007 жж. – «Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқаратын «Самұрық» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2008-2011 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2011 ж. - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі.

2011-2014 жж. - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Төралқа төрағасы.

2005 жылдың 10 қазанынан бастап «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығына басшылық етеді.

2013 жылдың 9 қыркүйегінен бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы, 2017 жылдың маусымында қайта сайланды.

2022 жылдың 17 қаңтарында «Атамекен» ҰКП басшысы қызметінен кетті.

Спорттық мекемелер:

2004-2018 жж. – «Қазақстан Республикасы Ұлттық гольф федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Федерация Кеңесінің құрметті мүшесі;

2009-2019 жж. – «Қазақстандық бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;   

2010-2015 жж. – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті» қоғамдық бірлестігі Атқарушы комитетінің мүшесі;

2012-2018 жж. – Халықаралық бокс ассоциациясы (AIBA) Атқарушы комитетінің мүшесі, вице-президенті;

2012-2016 жж. – «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері қазақстандық конфедерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;

2014-2015 жж. – «Спорт Аккорд» халықаралық конветінің (SportAccord International Convention) Мульти-спорттық ойындар жөніндегі төрағасы.

2014-2018 жж. – Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының Халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының мүшесі (ANOC);

2016-2019 жж. – «Қазақстан Республикасының  су спорты түрлері федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті;

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы  Ұлттық Олимпиадалық комитеті» қоғамдық бірлестігінің   президенті, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті» қоғамдық бірлестігі атқарушы комитетінің төрағасы;

2016 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Азия Олимпиадалық  кеңесінің вице-президенті (ОСА);

2017 жылдың сәуірінен бастап – Халықаралық Олимпиада комитетінің қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік дамыту комиссиясының мүшесі (IOC PASD);

2018 жылдың қараша айынан бастап – Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының Атқарушы комитетінің мүшесі (ANOC);

2018 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан гольф федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі төралқасының мүшесі;

2019 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстандық бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің Құрметті Президенті.

Қамқоршылар кеңестері:

2011-2017 жж. – «Назарбаев қоры» жеке қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Арыстан» (Талғар қ.) мамандандырылған лицей қамқоршылар кеңесінің төрағасы;

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының» қамқоршылар кеңесінің мүшесі

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «РАФММИ түлектері қоры» қоғамдық қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі, және О. Жаутықов атындағы дарынды балаларға арналған ФАФММИ-ның қамқоршылар қорының мүшесі.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылар қорының мүшесі.

Халықаралық және шетелдік компаниялар:

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін –  Бүкіләлемдік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) қазақстандық ұлттық комитетінің төрағасы;

2010-2014 жж., 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  – Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесінің тең төрағасы.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Газпром» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан компаниялары  директорларының  кеңестері:

2006-2007 жж., 2008-2011 жж. –  «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (KEGOC) директорлар кеңесінің төрағасы;

2006-2007 жж., 2009-2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

2008-2012 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

2009-2011 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2009-2011 жж. – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;       

2011 ж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасының наградалары:

  1. «Құрмет» ордені (2001 ж.)
  2. Үшінші дәрежелі «Барыс» ордені (2009 ж.)
  3. Бірінші дәрежелі «Барыс» ордені (2014 ж.)
  4. «Қазақстан Конституциясына–10 жыл» мерекелік медалі (2005 ж.)
  5. «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008 ж.)
  6. «ҚР Тәуелсіздігіне-20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.)
  7. «ҚР Тәуелсіздігіне-25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж.)

Ресей Федерациясының наградалары:

  1. «Дружба» Ресей ордені (2007 ж.)
  2. Ресей мүфтилер кеңесінің «Аль-Фахр» ордені (2010 және 2016 жж.)
  3. II дәрежелі «Русской Православной Церкви Святого благоверного князя Даниила Московского» ордені (РПШ, 2010 ж.)

4. «Құрметті теміржолшы» медалі (2011 ж.)

Қосымша мәліметтер:

          Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген

          Хоббиі – гольф, тау шаңғысы, футбол.        

          Отбасылы (жұбайы Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева – 1967 ж.т.), үш бала – бір ұл, екі қыз (ұлы 1990 ж.т., қыздары 2004 және 2010 ж.т.) тәрбиелейді.