Ластаев Артур Ермекұлы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 

15352
Ластаев Артур Ермекұлы Фото: zakon.kz

Артур Ермекұлы 1983 жылы дүниеге келген.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Қызметін 2006 жылы Алматы қаласы прокуратурасының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Бас прокуратурада бес жылдан астам жұмыс істеген, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлімін басқарған.

2016 жылғы қаңтардан бастап Бас прокуратураның өкілі – БҰҰ және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі болған.

2018 жылдың шілдесінен бастап Еуропадағы Бас прокуратураның өкілі - Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.

2022 жылдың 7 қарашасынан ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы.

2022 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу