banner

Мәдиев Жаслан Хасенұлы

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі   

16424
Мәдиев Жаслан Хасенұлы

Жаслан Мәдиев 1983 жылы 13 маусымда туған.

Білімі:

2004 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «әлемдік экономика және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2007 ж- «Болашақ» бағдарламасы бойынша Нью-Йоркте Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін, Массачусетс технологиялық институтын, Слоун бизнес мектебін тәмамдаған. Мамандығы- экономикалық саясатты басқару.  

Еңбек жолы:

2004-2006 жж. - «Альянс Банк» АҚ-та маман, жетекші маман, бас маман, борышкерлік құнды қағаздар бөлімінің басшысы.

2007 ж. -  Лондон қаласындағы «Morgan Stanley» инвестициялық банктің құнды қағаздар және облигациялар сату департаментінде қызмет еткен.

2007-2008 жж. - «Қазына»тұрақты даму қоры» АҚ-ның корпоративтік қаржылар департаменті бас менеджері.

2008 ж. – ҚР Президенті әкімшілігі стратегиялық әзірлемелер және сараптама орталығының сарапшысы.  

2008-2009 жж. - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, қазынашылық департаменті директоры.

2009-2010 жж. - «Kazyna Capital Management» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жж. - «Ұлар-Үміт» ЖЗҚ, «Жетісу» АҚ  директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

2010-2014 жж. - «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2014-2015 жж. - Ұлттық банктің монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі директорының орынбасары.

2014-2015 жж. – «Ұлттық Инвестициялық Корпорация» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 

2016 ж. – ҚР Премьер-министрінің, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің кеңесшісі. 

2017-2019 жж. - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қаржы жөніндегі вице-президенті.

2019 жылдың 9 сәуірінен - Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі.  

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу