Марат Исламханұлы Сексембаев

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ректоры

8866
Марат Исламханұлы Сексембаев

Марат Исламханұлы 1979 жылы дүниеге келген.

Білімі:

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысының прокуратурасынан бастаған. Прокуратура, әділет, қаржы полициясы органдарында басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы, Қарағанды облысының прокуроры болып қызмет атқарған.

2021 жылдың маусым айынан бастап Бас Прокурордың Аппаратын басқарған.

2022 жылдың 7 қарашасынан бастап ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болып тағайындалған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу