Мұқажанова Әсел Маратқызы

AIX басқарма төрағасы міндетін атқарушы

6413
Мұқажанова Әсел Маратқызы

Білімі:

Қазақ басқару академиясын «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша бітірген, Лондон және Гарвард бизнес-мектептерінде басшыларға арналған оқытудан өткен.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1992 жылы «Тұран» банкінің валюталық операциялар бөлімшесінде бастаған. Оның қаржы және банк қызметтері саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. АХҚО-ға/AIX-ке келгенге дейін Әсел «Қазкоммерцбанк» АҚ-да атқарушы директор лауазымын атқарып, халықаралық банк ісі, капитал нарықтары, инвесторлармен қарым-қатынас, біріктіру/қосып алу және стратегия бойынша қызмет атқарған.

AIX биржасында 2017 жылдан бастап эмитенттермен байланыс жөніндегі менеджер, ал 2022 жылғы қазан айынан бастап AIX-те нарықтарды және өнімдерді дамыту жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеген. Қазіргі тағайындалған қызметіне дейін ол бөлшек сауда инвесторлары қорын дамыту, тау-кен секторы, эмитенттермен жұмыс, «Белдеу және жол» сегменті, сондай-ақ жаңа өнімдерді дамыту бағыттарына жетекшілік етті.

2023 жылғы 16 қаңтардан бастап Әсел Мұқажанова AIX басқармасының төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу