Нәшірәлі Елдос Бигелдіұлы

ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы

4389
Нәшірәлі Елдос Бигелдіұлы Фото: gov.kz

Нәшірәлі Елдос Бигелдіұлы 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі:

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын, Масси университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2005 жылы жеке компанияда менеджер болып бастаған.

2006-2007 жылдары-Тараз қаласы әкімдігінің бас маманы.

2010-2012 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары- ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы; ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, инспекторы.

2016-2018 жылдары-ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры.

2018-2021 жылдары — «Хабар «Агенттігі» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары.

2021-2022 жылдары — «ҚАЗАҚПАРАТ «Халықаралық ақпараттық агенттігі» АҚ, «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, төрағасының м.а., басқарма төрағасы.

2022 жылдың желтоқсан айынан 2023 жылдың ақпан айына дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және хаттама департаментінің директоры қызметін атқарды.

2023 жылғы 15 ақпанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу