Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы

ҚР Құрылтай төрағасының орынбасары  

537
Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы Фото: t.me/consot_kz

Құрылтай депутаты Нұрлан Бекназаров I шақырылымдағы Құрылтай төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұрлан Құдиярұлы 1964 жылы 12 маусымда Шымкентте дүниеге келген.

Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

Мамандығы:

  • Инженер - құрылысшы;
  • Инженер - экономист;
  • Экономист - қаржыгер;
  • Заңгер.

Нұрлан Бекназаров 1984-1992 жылдары облыстық спорт басқармасының Қажымұқан атындағы Орталық стадионында әдіскер, инженер, бас инженер, директордың орынбасары, директоры (Шымкент қаласы).

1992-1996 жылдары облыстық несиелер және инвестицияларды сақтандыру басқарманың бастығы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік сақтандыру мекемесінің бас директорының бірінші орынбасары.

1996-2003 жылдары «Сенім» ЖАҚ, «Санур» ЖШС, «Трансойл» АҚ филиалы директорының орынбасары, вице-президенті.

1999-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының II, III, IV, V, VІ шақырылымдарының депутаты болып сайланды.

2003-2011 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының тексеру комиссиясының екі шақырылымының төрағасы.

2011-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының үш шақырылымның хатшысы.

2018 және 2023 жылдары Парламент Сенатының депутаты болып екі рет сайланды.

Үйленген, 4 перзент және немерелер тәрбиелеп отыр.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу