Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі 

595
Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы Фото: gov.kz

Нұржан Нұржігітов 1967 жылы туған.

Білімі: 

1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «Инженер-механик», 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

 Еңбек өтілі: 

Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.

Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Байзақ ауданы әкімі қызметін атқарды.

2021 жылдың сәуір айынан 2022 жылдың сәуіріне дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды.

2022 жылғы 7 сәуірде Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. 

2023 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі  лауазымына келді. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу