Олжас Абайұлы Бектенов

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

467
Олжас Абайұлы Бектенов Фото: akorda.kz

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған.

  • Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы «Заңгер».
  • ІІ дәрежелі «Айбын» (2014 ж.) және «Даңқ» (2021 ж.) ордендерімен наградталған.
  • 2002-2005 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.
  • 2005-2006 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.
  • 2006-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс жасады.
  • 2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
  • 2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі.
  • 2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.
  • 2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
  • 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.
  • 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2022 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу