banner

Панбаев Азамат

ҚР Индустриялық даму комитетінің төрағасы

2509
Панбаев Азамат Фото: gov.kz

Азамат Панбаев 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

Білімі:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің іс жүргізушісі болып бастаған.

2009-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтерді атқарды.

2016-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде консультант болып жұмыс істеді.

2019-2022 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.

2022 жылғы наурыздан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2023 жылдың мамырынан бастап ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу