Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің әйелдер кәсіпкерлігі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі  

29465
Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы

Лаззат Рамазанова 1973 жылы 17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.

Білімі:

1995 ж. – Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін бітіріген.

 2001 ж. –  Астанадағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы: 

1994-1995 жж. – банк жүйесінде қызмет еткен.

1995-1998 жж. –  Франкфурттағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында істеген.

1998-1999 жж. –  Әкімшілік-бақылау департаментінің атташесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-атташесі

1999-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің хатшылығы.

2002-2003 жж. – ҚР ЭБЖМ Халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің бөлім бастығы.

2003-2005 жж. – Dala tour ЖШС бас директоры.

2006-2007 жж. –  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы.

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.

2008-2009 жж. – ҚР ҚМ ҚФК Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары.

2011-2013 жж. – Қорғаныс саласында, құқық қорғау жүйесінде және Қаржы министрлігінің мемлекеттік органдарында бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануы, іске асырылуын талдау және бағалау департаментінің директоры.

2013-2015 жж. – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа төрағасы хатшылығының басшысы.

2015-2017 жж. – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы іскери әйелдер кеңесінің төрағасы.

2019 жылдың 25 ақпаны – 202 жылдың 5 мамыры. - «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа төрағасының орынбасары. 

2020 жылдың 5 мамырынан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы.

2021 жылғы 15 қаңтардан 2023 жылғы 19 қаңтарға дейін жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.

2023 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің әйелдер кәсіпкерлігі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Басқа да қызметтері:

2017 жылдан. – ҰОК президентінің кеңесшісі.

2020 ж. - ECOJER Қазақстанның өңірлік экологиялық бастамалары қауымдастығы Кеңесінің төрағасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу