Сарқұлов Ұлан Серікұлы

Сыбайлас жемқорлық агенттігі төрағасының орынбасары болды

27735
Сарқұлов Ұлан Серікұлы

Ұлан Сарқұлов 1980 жылы Ақтөбеде дүниеге келген.   

Білімі:

2002 жылы Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің академиясын заңгер мамандығы бойынша, 2008 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және муниципалды басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарындағы әскери қызметтен бастады.

2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі және үшінші хатшысы қызметтерін атқарды.

2006 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қабылданды.

2009-2011 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеді, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі,

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Аппаратының шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2015 жылдан бастап «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесін басқарды.

2017 жылы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары болып тағайындалды.